Бригада генералы Андрей Евгеньевич Билецкий (; 5 тамыз 1979, Харьков) — украиндық әскери және әсіре оңшыл саяси қайраткер, 2016 жылдан бергі Ұлттық корпус саяси партиясының көшбасшысы.

Бұрын Билецкий Армияның 3-корпусына және 3-жеке шабуыл бригадасына қолбасшылық ететін. 2014 жылдан 2019 жылға дейін ол Верховна Радада Украина халық депутаты болды. Билецкий әлемнің көпшілігіне Азов бригадасының негіздеушісі, әрі тұңғыш қолбасшысы ретінде белгілі.

Өмірбаяны Билецкий Харьков ұлттық университетінің тарих факультетінде білім алған. Оның дипломдық жұмысы УПА жайлы еді.

Билецкий украин әсіре оңшылдарының арасында 2000 жылдары көзге түсті. 2005 жылы ол Украина патриоты ұлтшыл қозғалысының қайта жанғаруын өз қолына алды да, Социал-ұлттық ассамблея тең негіздеушілерінің бірі болды.Бірнеше дереккөз:

Anton Shekhovtsov, Andreas Umland Ukraine's Radical Right // Journal of Democracy. 25-том, 3-нөмір, шілде 2014 Ұйымдардың екеуі де этностық ұлтшылдық, ақтар артықтығы, неонацизм мен неофашизммен айналысады делінеді. 2011 жылы ол тұтқынға алынды, оған тонады мен шабуыл жасады деген айыптар тағылды, Еуромайдан төңкерісінен кейін 2014 жылы ол босатылды, жаңа үкімет оны Виктор Янукович үкіметінің саяси тұтқыны деп таныды. Донбасстағы соғыс ушығып бара жатқанда, ол өзінің әсіре оңшылдардағы байланыстары мен басшылық лауазымын пайдаланып, ресейшіл сепаратистерге қарсы тұру үшін ерікті жасақ ұйымдастырды. 2014 жылғы мамырда Ішкі істер министрлігі жасаққа санкция салып, оны ресми түрде «Азов» батальоны деп атады, ал Билецкий оны Донбасс аймағындағы сепаратистік күштерге қарсы бірнеше операцияларда басқарды. Қыркүйек айында олар Украинаның Ұлттық гвардиясына біріктірілді.

2014 жылғы қазанда Билецкий саясатқа көңіл бөлу үшін Азов полкінің басшылығынан кетті. 2014 жылғы Украина парламентінің сайлауында ол Украина халық депутаты болып сайланды,2022: "'Don't confuse patriotism and Nazism': Ukraine's Azov forces face scrutiny Nationalist regiment with neo-Nazi roots has been instrumental in the resistance to Russia's invasion" https://www.ft.com/content/7191ec30-9677-423d-873c-e72b64725c2d және 2015 жылы ол өзінің әсіре оңшыл белсенділерден, ардагерлерден және кең ауқымды Азов қозғалысын жақтаушылардан тұратын желісін ресми саяси ұйымға жұмылдыруды мақсат етіп, Ұлттық корпус партиясын құрды. Белгілігі мен ұйымдастырушылық ресурстарына қарамастан, Ұлттық корпус ұлттық деңгейде айтарлықтай сайлау табыстарына қол жеткізе алмады, ал Билецкий 2019 жылғы сайлаудан кейін мандатын жоғалтты.

2022 жылғы Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Билецкий Киев аймағындағы Азовтың бұрынғы ардагерлерінен еріктілер күштін жинап, Украина Құрлықтағы әскерлері қатарына қосылды. 2025 жылы ол Армияның 3-корпусының бригада генералы атанды.

Жеке өмірі Билецкий Юлия Билецкаяға үйленген болатын. Олардың бір Александр есімді ұлы бар.

Дереккөздер

Санат:Украина әскерилері Санат:Украина саясаткерлері Санат:Украин ұлтшылдары Санат:Украина Верховна Радасы VIII шақырылымы халық депутаттары Санат:Бригада генералдары (Украина) Санат:Харьков университеті түлектері Санат:Мариупольдің құрметті азаматтары Санат:Ресейдің басып кіруінен Украина қорғанысы қатысушылары (2022) Санат:Донбасстағы соғыс қатысушылары