Украина әкімшілік-аумақтық бірліктер және аумақтық қауымдастықтардың аумақтарын кодтауышы (), қысқартқанда — Украинаның әкімшілік бірліктері мен громадаларының аумақтары туралы ұлттық тізілім. Ол 2020 жылғы 26 қарашада Қауымдастықтар мен аймақтарды дамыту министрлігінің бұйрығына сәйкес енгізіліп, бұған дейін қолданылған Украина әкімшілік-аймақтық жүйесі нысандарының жіктеушісі (КОАТУУ) алмастырды.

Бұл жүйе Украинада 2015 жылы басталған әкімшілік реформалардың нәтижесінде құрылған. Реформа барысында көршілес ауылдық, кенттік және қалалық кеңестер құрамындағы елді мекендер біртіндеп аумақтық громадаларға (қауымдастықтарға) біріктірілді. Сонымен қатар аудандардың саны 490-нан 136-ға дейін қысқартылды.

Құрылымы Әкімшілік-аймақтық бөліністің 5 деңгейі бар: Бірінші деңгейі: облыстар, автономикалық республика, не ерекше мәртебесі бар қалалар Екінші деңгейі: аудандар Үшінші деңгейі: громадалар Төртінші деңгейі: белгілі елді мекендер; қалалар, ауылдар, кенттер Қосымша деңгейі: қалалық аудандар (соның ішінде ерекше мәртебесі бар қалалар)

Бірліктер сондай-ақ категорияларға бөлінеді, олардың әрқайсысының латын әліпбиіндегі бір әріптен тұратын қысқартылған белгісі бар: O: облыс, не автономиялық республика; K: ерекше мәртебесі бар қала P: аудан H: громада M: қала T: қала тұрпатты елді мекендер (кенттер; 2021 жылға дейін) C: ауылдар X: ауылды елді мекен B: қалалық аудан

Кодтың өзі осы үлгіде жазылады: UA|ОО|РР|ГГГ|ППП|ММ|УУУУУ

UA — Украинаға қатысты ISO 3166-1 коды, яғни «UA» OO — бірінші деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бөліністің коды РР — екінші деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бөліністің коды ГГГ — үшінші деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бөліністің коды ППП — елді мекеннің коды ММ — қалалық ауданның коды УУУУУ — нысанның бірегей кілті

Мысалдар UA74000000000025378; Чернигов облысы UA46140000000036328; Яворов ауданы, Львов облысы UA71020270000021083; UA32120070080094229; ауылы UA80000000000210193; Дарница ауданы, Киев

Тағы қараңыз

ISO 3166 ISO 3166-2

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер КАТЕТТО кодтары тізімі, 2021 жылғы 22 наурыздағы жағдай бойынша

Санат:Украина әкімшілік бөлінісі Санат:Жіктеушілер Санат:Украина стандарттары