Александр Сергеевич Данилов (16 желтоқсан 1991 жыл, Қарағанды, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақстандық қоғам және саяси қайраткер. Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаты (2026 жылдан).
Өмірбаяны
2012 жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетін «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша, 2020 жылы Еуразия ұлттық университетін (ЕҰУ) «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша бітірген. 2023 жылы ЕҰУ-дың «Саясаттану» мамандығы бойынша докторантурасын аяқтады.
2009 жылы Қарағанды қаласындағы «Ансар» жастар лигасы» жастар қоғамдық бірлестігін басқарды.
2012—2013 жылдары Астана қаласындағы «Нұр-Медиа» ЖШС-де менеджер, контентті басқару және мультимедиалық технологиялар департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2013—2014 жылдары «Біріккен химиялық компания» ЖШС баспасөз қызметінің жетекшісі болды.
2014—2015 жылдары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы веб-сайтының бас редакторы, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» ЗТБ баспасөз қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарды.
2016—2018 жылдары Астанадағы «Медиа Консул» ЖШС-де жоба жетекшісі, директордың орынбасары болды.
2014—2022 жылдары Астанадағы «В2С» ЖШС-нің басқарушы серіктесі болды.
2019 жылы алғашқы іріктеу қорытындысы бойынша Александр Данилов Қазақстан Президентінің жастар кадр резервіне енді. 2020—2021 жылдары Stopfake.kz жобасын басқарды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды.
2022—2023 жылдары Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды. 2023 жылы «Аманат» партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидат болды.
2024 жылғы маусымда тәуелсіз Astana Open Dialogue талдау платформасының тең құрылтайшысы болды.
2025—2026 жылдары «Аманат» партиясының хатшысы қызметін атқарды. «Аманат» партиясы «Әділет» партиясына қосылғаннан кейін «Әділет» партиясының тізімі бойынша Қазақстан Құрылтайының I шақырылымына сайлауға түсті.
2026 жылғы 26 тамыздан бастап — «Әділет» партиясының тізімі бойынша Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаты.
Марапаттары
«Ерен енбегі үшін» медалі (2026) «Шапағат» медалі (2021)
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылым депутаттары