Syndicat national de l’édition phonographique (қысқ. SNEP; фр. — «Ұлттық дыбыс жазу синдикаты») — Францияның дыбыс жазу индустриясындағы сабақтас және авторлық құқықтарды қорғаумен айналысатын ұйым. Бұрын SNICOP аббревиатурасымен белгілі болған ұйым 1922 жылы құрылған және оның 48 мүше компаниясы бар.

Ұйым қызметіне музыкалық туындыларды трансляциялағаны және орындағаны үшін алымдар жинау, авторлық құқық бұзушылықтарды (соның ішінде аудиоқарақшылықты) анықтау, музыкалық туындыларды сертификаттау — музыкалық релиздерге гауһар, платина, алтын және күміс диск мәртебесін беру, сондай-ақ Францияның музыкалық хит-парадтарын құрастыру кіреді.

Дереккөздер

Санат:Франция музыкалық чарттары Санат:Музыкалық индустрия қауымдастықтары