Стивен Чарльз Уиткофф (; 15 қазан 1957, Нью-Йорк) — америкалық инвестор және бұрынғы заңгер, Witkoff Group тобының негіздеушісі. 2025 жылдан бері Уиткофф — Таяу Шығыс жөніндегі және Бейбітшілік миссиялары жөніндегі АҚШ арнайы өкілі. Ол, оған қоса, АҚШ-тың Ресей президенті Владимир Путинге де-факто өкілі болып келеді.
Бронкста туып, Лонг-Айлендте тәрбиеленген Уиткофф Хофстра университетінде саясаттанудан бакалавриат алды. Мансабын жылжымайтын мүлік заңгері болып бастаған ол Нью-Йорк пен Майамиде девелопментпен айналысатын болды. Осы жылдары ол Манхэттенде бірнеше маңызды ғимаратқа ие болды.
Дональд Трамптың екінші президенттігі кезінде Уиткофф АҚШ үкіметі атынан Орыс-украин соғысының маңызды келіссөз жүргізушісі болды. Алайда ол тым ресейшіл ұстанымды, Ресейге кеңес берген делінді, осы үшін сын астына түсті.https://www.bloomberg.com/news/articles/2025-11-25/witkoff-discusses-ukraine-plans-with-key-putin-aide-transcript Уиткофф Таяу Шығыстағы келіссөздерге де белсенді түрде қатысып келеді. Трамптың екінші әкімшілігі кезіндегі қызметі барысында ол және оның отбасы Таяу Шығыс елдерінің үкіметтерімен, соның ішінде оның ұлдары мен Трамп отбасы мүшелері құрған криптовалюта компаниясы — World Liberty Financial арқылы кең ауқымды іскерлік байланыстарын сақтап қалды. Бұл жағдай мүдделер қақтығысына қатысты алаңдаушылық туғызды. 2026 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша, Forbes оның байлығын 2,3 миллиард АҚШ доллары деп бағалаған. Трамптың екінші әкімшілігіндегі қызметінің алғашқы бір жылында Уиткоффтың байлығы 15%-ға артқан. Бұл өсім негізінен оның World Liberty Financial компаниясына салған инвестицияларына байланысты болды.
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша адвокаттар Санат:XX ғасыр адвокаттары Санат:XXI ғасыр адвокаттары Санат:АҚШ адвокаттары Санат:XX ғасыр менеджерлер Санат:XXI ғасыр менеджерлері Санат:АҚШ менеджерлері Санат:XX ғасыр кәсіпкерлер Санат:XXI ғасыр кәсіпкерлері Санат:АҚШ кәсіпкерлері Санат:XX ғасыр дипломаттар Санат:XXI ғасыр дипломаттары Санат:АҚШ дипломаттары Санат:Хофстра университеті түлектері Санат:Хофстра университеті құқық мектебі түлектері Санат:АҚШ Республикалық партиясының мүшелері