Байдар яйласы (, ) — Қырым тауларының Басты тізбегі аумағында орналасқан он яйланың ең батысында орналасқан.

Сипаттамасы Басты тізбектің әкімшілік жағынан толығымен Ақиар қалалық кеңесінің шекарасында орналасқан жалғыз яйласы болып келеді. Ол шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатқан иірімді, толқынды жота түрінде келеді. Байдар яйласы Форостан 2 км солтүстіктен басталып, Кизиловое және Хайто елді мекендеріне дейін созылады. Байдар қақпасы асуынан батысқа және Көкиябел жотасынан шығысқа қарай терең қайқы бел — байдар орналасқан; дәл осы жер Байдар яйласына атау берген. Яйланың ұзындығы шамамен 6 км. Байдар яйла аса биік емес: оның орташа биіктігі теңіз деңгейінен 500—650 метрге жетеді. Тұрақты су ағындары жоқ. Солтүстік-шығысында Ай-Петри яйласымен шектеседі.

Ең биік шыңдары батыстан шығысқа қарай: Аджер-Канат (586 м), Қаламдықая (627 м), Шабурла (545 м), Ілиясқая (681 м), Кіші Теңкебел (597 м), Мачук (610 м), Челяби-Яурн-Бель (657 м), Форос (639 м).

Суреттемесі

Дереккөздер

Санат:Байдар яйласы Санат:Карсттық сілемдер Санат:Қырым тауларының яйлалары