Әбжали ишан мешіті — Жалағаш ауданындағы жергілікті маңызы бар сәулет өнері ескерткіші. Таң ауылында орналасқан.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024. – 156-157 бб. – ISBN 978-601-7059-54-5
Тарихы Мешіт 1922 жылы жекеменшік құрылыс ретінде тұрғызылған. Кеңестік биліктің шешімімен 1929 жылы мемлекет қазынасына тәркіленді.
1931 жылы ғимараттың зәулім мұнарасы бұзылып, оның кірпіштері қосымша бөлмелер салуға пайдаланылды. Кәмпескеленгеннен кейін ғимаратта балаларға арналған мектеп-интернат жұмыс істеді.https://seykhuninfo.kz/tarih/11378-bzhli-ishan-meshiti.html
Архитектурасы Ғимарат күйдірілген кірпіштен қаланған, ішкі төбесі ағаш бағаналарға сүйенеді. Жалпы сұлбасы төртбұрышты, орталық үлкен күмбезі мен қос мұнарасы бар. Ғимараттың көлемі — 11,90 × 8,30 метр, биіктігі — 6,5 метр.https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/press/media/details/67997?lang=kk&ysclid=mu6nxl440489452006
Мешіт ішкі құрылысы бойынша бірнеше бөліктен тұрады: Кіреберіс бөлме — төртбұрышты пішінді, бір терезесі бар. Намаз оқу залы (мінәжат залы) — пішіні шаршы тәрізді. Оңтүстік-батыс қабырғасында михраб қуысы жасалған. Залдың ортасында төбесі өрнектелген үш ағаш бағана орнатылған. Бөлмеге жарық түсуі үшін қаптал қабырғаларына екі-екіден терезе қойылған. Шағын бөлме — намаз залы арқылы кіретін қосымша бөлме.
Қасбеті Мешіт ғимаратының қасбеті кірпіш стилінде салынған. Құрылым цоколь қабатынан, карнизден және бай өрнектелген фронтоннан тұрады. Қасбетіндегі өрнекті жауырыншаларға цоколь мен карниз бекітілген. Қаптал қасбетінде жоғарғы жағы доғаша иілген, ағаш жақтаулары бар үш терезе орнатылған.
Тағы қараңыз Жалағаш ауданы Таң (Ауыл)
Дереккөздер
Санат:Қызылорда облысының мешіттері Санат:Жалағаш ауданы Санат:Қазақстандағы сәулет ескерткіштері Санат:1922 жылы салынған ғимараттар Санат:Сәулет өнері
Санат:Тарихи ғимараттар