Үфі мен Сімбір генерал-губернаторлығы (, ор. ескі емлесі. Уфимское и Симбирское генералъ-губернаторство) — 1781–1796 жылдары болған Үфі және Сімбір наменгерліктерінің генерал-губернаторлығы

Тарихы Сімбір наменгерлігі ІІ Екатерина императрицаның 1780 жылғы 15 қыркүйектегі «Сімбір наменгерлігін құру туралы» жарлығына сәйкес құрылды.

1781 жылы 13 маусымда Орынбор губерниясының Үфі провинциясы мен Сімбір наменгерлігі бір генерал-губернаторлыққа біріктірілді.

Үфі наменгерлігі ІІ Екатерина императрицаның 1781 жылғы 23 желтоқсандағы «Екі облыстан — Үфі және Орынбор облыстарынан — Үфі наменгерлігін құру және оларды уездерге бөлу туралы» жарлығына сәйкес 1781 жылы 28 желтоқсанда құрылды. Оның негізіне И. В. Якобидің жобасы алынып, оған аздаған өзгерістер енгізілді. Жобаның өзі 1782 жылы 29 сәуірде бекітілді.

І Павел императордың 1796 жылғы 12 желтоқсандағы «Мемлекетті губернияларға жаңадан бөлу туралы» жарлығымен генерал-губернаторлық таратылды. 1797 жылы 15 қаңтарда Үфі наменгерлігі Орынбор губерниясы болып қайта аталып, Сімбір губерниясы құрылды.

Генерал-губернаторлары Генерал-губернатор Үфі және Сімбір генерал-губернаторы деп аталып, бір-бірінен тәуелсіз екі наменгерлікті басқарды. Генерал-губернатордың кеңселері Үфі мен Сімбір қалаларында орналасты:

1781—1782 (1782—1783) — Якоби Иван Варфоломеевич 1783—1784 — Апухтин Аким Иванович 1784—1792(1791) — Игельстром Осип Андреевич (1789—1792 — формально)Российский государственный архив древних актов (РГАДА). Ф. 286. Оп. 1. Д. 1133. 1793—1794 — Дерфельден Отто Иванович (ресми түрде) 1789 (1785)—1794 — Пеутлинг Александр Александрович (іс жүзінде) — Үфі наменгерлігінің наменгері . 1794 (1795)—1796 — Вязмитинов Сергей Козьмич

Дереккөздер

Санат:Үфі наменгерлігі Санат:Ресей империясының генерал-губернаторлықтары