Наурыз би — Ноғай Ордасының биі, Алтын Орданың беглербегі. Әйгілі Едіге бидің ұлы, Мансұрдың інісі және Ғази бидің туған бауыры.Почекаев Р. Ю. Цари ордынские. Биографии ханов и правителей Золотой Орды. — СПб.: Евразия, 2010. — 408 с. Әкесі Едіге қаза тапқаннан кейін Алтын Орда аумағында басталған билік үшін шиеленісті саяси күрестің белсенді қатысушысы болды.

Өмірбаяны Наурыз би бауырларымен бірге тақ үшін күресте алдымен Қажы-Мұхаммедті, кейіннен Барақ ханды қолдады. Алайда, 1427 жылы Барақ хан оның үлкен бауыры Мансұр әмірді өлім жазасына кесті. Көп ұзамай Барақ хан Ұлық Мұхаммедтен жеңіліс тапқан соң, Наурыз би бауыры Ғазимен бірге оның соңына түсті. Олар Барақты Моғолстан аумағында қуып жетіп, бауыры Мансұрдың кегін алу үшін оны өлтірді.

Осыдан кейін ол Ғазимен бірге Кіші Мұхаммед ханды қолдап, оның Ұлық Мұхаммедке қарсы күресіне жәрдемдесті. Бірақ уақыт өте келе ағайындылар мен Кіші Мұхаммед хан арасында келіспеушілік туындап, олардың жолдары екіге айырылды. Наурыз би бұрынғы қарсыласы Ұлық Мұхаммедтің жағына шығып, оның сарайында беклербек лауазымын атқарды. Алайда, 1436–1437 жылдары Наурыз би Ұлық Мұхаммедпен де тіл табыса алмай, қайтадан Кіші Мұхаммед ханның жағына өтті және оның тұсында да беглербег болды.

Әдебиет Почекаев Р. Ю. Цари ордынские. Биографии ханов и правителей Золотой Орды. — СПб.: Евразия, 2010. — 408 с. — ISBN 978-5-91852-010-9.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар:Алтын Орда