WTA Қорытынды турнирі немесе WTA Финалы  (, бұрын WTA Тур Чемпионаты немесе WTA Чемпионаты ретінде белгілі) – бұл WTA Турының маусым қорытындылайтын басты бәсекесі. Ол төрт «Үлкен дулыға» турнирінен кейінгі әйелдер теннис күнтізбесіндегі ең маңызды дода болып табылады, өйткені бұл жарысқа маусым бойы көрсеткен нәтижелері негізінде іріктелген үздік сегіз жекелей сындағы ойыншы және үздік сегіз жұптық команда қатысады. Сегізінші орын, қажет болған жағдайда, ағымдағы жылы «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске жеткен және рейтингте тоғызыншыдан жиырмасыншы орынға дейінгі аралықта тұрған ойыншы немесе команда үшін сақталады.

Аталмыш турнир WTA Турының пайда болуынан бұрын, атап айтқанда 1972 жылы турдың негізін қалаушы — Virginia Slims Circuit чемпионаты ретінде басталған. 2003 жылдан бері бұл турнир басқа WTA Тур жарыстарында кездеспейтін бірегей форматты қолданады: мұнда ойыншылар әрқайсысы төрт ойыншыдан тұратын екі топқа бөлінеді, олардың аясында әрқайсысы үш айналымдық матч (round-robin) өткізеді. Топтық кезең аяқталғаннан кейін әр топтан шыққан үздік екі ойыншы немесе команда чемпионды анықтау үшін жартылай финал мен финалды қамтитын плей-офф форматындағы шешуші кезеңге өтеді.

WTA Қорытынды турнирі «Үлкен дулыға» турнирлерінен кейінгі ең ірі жүлде қоры мен рейтингтік ұпайларға ие. Жекелей де, жұптық сында да тарихтағы ең табысты ойыншы — сегіз жекелей және 13 жұптық титулды жеңіп алған Мартина Навратилова.

Турнирдің қазіргі форматы бойынша, егер чемпион топтық кезеңде бірде-бір рет жеңілмей, турнирді жеңіспен аяқтаса, ол максималды түрде 1500 рейтингтік ұпайға қол жеткізе алады.

Жалпы ақпарат

Өткізілу мерзімі мен атауы Турнир 1971 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Өз тарихында жарыстың нақты бекітілген уақыты болған жоқ: атап айтқанда, ол тамызда (1971), қазанда (1972-74), наурызда (1975-86) өтсе, 1986 жылдан бастап қараша айына ауысты (ал 1986 жылдың өзінде екі рет ойналды).

Турнирдің тұрақты атауы жоқ және уақыт өте келе өз атау құқығын демеуші ұйымдарға толығымен сатады: 1972-78 және 1983-94 жылдары бәсеке Virginia Slims Championships деп аталды, 1979-82 жылдары — Avon Championships, 1996-2000 жылдары — Chase Championships, 2001 жылы — Sanex Championships, 2002 жылы — Home Depot Championships, 2005-09 жылдары — Sony Ericsson Championships.

Өткізілетін орны мен регламенті Өз тарихында бұл жарыс өткізілетін орнын 16 рет өзгертті. Оның ең жиі өткен аренасы — Нью-Йорк қаласы мен оның «Медисон-сквер-гарден» спорт кешені. АҚШ аумағынан тыс жерде турнир алғаш рет 2001 жылы өтіп, әлемнің ең мықты теннисист қыздарын Мюнхен қаласы қабылдады.

1984-98 жылдары турнирдің финалдық матчы үш жеңіс сетіне дейін ойналды. Осылайша, бұл қорытынды чемпионат жеңіске жету үшін екіден көп сет ұту талап етілетін жалғыз әйелдер турнирі болды.

2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты турнир өткізілген жоқ.

Финалдар тізімі Жекелей сындар

ЖылЧемпионКүміс жүлдегерЕсеп1972 Крис Эверт Керри Меллвилл7–5, 6–41973 Крис Эверт Нэнси Ричи Гюнтер6–3, 6–31974 Ивонн Гулагонг Крис Эверт 6–3, 6–41975 Крис Эверт Мартина Навратилова6–4, 6–21976 Ивонн Гулагонг Крис Эверт6–3, 5–7, 6–31977 Крис Эверт Сью Баркер2–6, 6–1, 6–11978 Мартина Навратилова Ивонн Гулагонг7–6(7–2), 6–41979 Мартина Навратилова Трейси Остин6–3, 3–6, 6–21980 Трейси Остин Мартина Навратилова6–2, 2–6, 6–21981 Мартина Навратилова Андреа Йегер6–3, 7–6(7–3)1982 Сильвия Ханика Мартина Навратилова1–6, 6–3, 6–41983 Мартина Навратилова Крис Эверт6–2, 6–01984‡ Мартина Навратилова Крис Эверт6–3, 7–5, 6–11985‡ Мартина Навратилова Гелена Сукова6–3, 7–5, 6–41986(Mar.)‡ Мартина Навратилова Гана Мандликова6–2, 6–0, 3–6, 6–11986(Nov.)‡ Мартина Навратилова Штеффи Граф7–6(8–6), 6–3, 6–21987‡ Штеффи Граф Габриэла Сабатини4–6, 6–4, 6–0, 6–41988‡ Габриэла Сабатини Пэм Шрайвер7–5, 6–2, 6–21989‡ Штеффи Граф Мартина Навратилова6–4, 7–5, 2–6, 6–21990‡ Моника Селеш Габриэла Сабатини6–4, 5–7, 3–6, 6–4, 6–21991‡ Моника Селеш Мартина Навратилова6–4, 3–6, 7–5, 6–01992‡ Моника Селеш Мартина Навратилова7–5, 6–3, 6–11993‡ Штеффи Граф Аранча Санчес Викарио6–1, 6–4, 3–6, 6–11994‡ Габриэла Сабатини Линдсей Дэвенпорт6–3, 6–2, 6–41995‡ Штеффи Граф Анке Хубер6–1, 2–6, 6–1, 4–6, 6–31996‡ Штеффи Граф Мартина Хингис6–3, 4–6, 6–0, 4–6, 6–01997‡ Яна Новотна Мэри Пирс7–6(7–4), 6–2, 6–31998‡ Мартина Хингис Линдсей Дэвенпорт7–5, 6–4, 4–6, 6–21999 Линдсей Дэвенпорт Мартина Хингис6–4, 6–22000 Мартина Хингис Моника Селеш6–7(5–7), 6–4, 6–42001 Серена Уильямс Линдсей Дэвенпортwalkover2002 Ким Клейстерс Серена Уильямс7–5, 6–32003 Ким Клейстерс Амели Моресмо6–2, 6–02004 Мария Шарапова Серена Уильямс4–6, 6–2, 6–42005 Амели Моресмо Мэри Пирс5–7, 7–6(7–3), 6–42006 Жюстин Энен Амели Моресмо6–4, 6–32007 Жюстин Энен Мария Шарапова5–7, 7–5, 6–32008 Винус Уильямс Вера Звонарева6–7(5–7), 6–0, 6–22009 Серена Уильямс Винус Уильямс6–2, 7–6(7–4)2010 Ким Клейстерс Каролин Возняцки6–3, 5–7, 6–32011 Петра Квитова Виктория Азаренко7–5, 4–6, 6–32012 Серена Уильямс Мария Шарапова6–4, 6–32013 Серена Уильямс Ли На2–6, 6–3, 6–02014 Серена Уильямс Симона Халеп6–3, 6–02015 Агнешка Радваньская Петра Квитова6–2, 4–6, 6–32016 Доминика Цибулкова Анжелик Кербер6–3, 6–42017 Каролин Возняцки Винус Уильямс6–4, 6–42018 Элина Свитолина Слоун Стивенс3–6, 6–2, 6–22019 Эшли Барти Элина Свитолина6–4, 6–32020Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс өткізілген жоқ2021 Гарбинье Мугуруса Анетт Контавейт6–3, 7–52022 Каролин Гарсия Арина Соболенко 7–6(7–4), 6–42023 Ига Свёнтек Джессика Пегула6–1, 6–02024 Коко Гауфф Чжэн Циньвэнь3–6, 6–4, 7–6(7–2)2025 Елена Рыбакина Арина Соболенко 6–3, 7–6(7–0)

Жұптық сындар ЖылЧемпиондарКүміс жүлдегерлерЕсеп1972Жұптық сындар өткізілген жоқ1973 Розмари Казалс Маргарет Корт Франсуаза Дюрр Бетти Стове6–2, 6–41974 Розмари Казалс Билли Джин Кинг Франсуаза Дюрр Бетти Стове6–1, 6–7(2–7), 7–51975 Маргарет Корт Вирджиния Уэйд Розмари Казалс Билли Джин Кинг6–7(2–7), 7–6(7–2), 6–21976 Билли Джин Кинг Бетти Стове Мона Геррант Энн Киёмура6–3, 6–21977 Мартина Навратилова Бетти Стове Франсуаза Дюрр Вирджиния Уэйд7–5, 6–31978 Билли Джин Кинг Мартина Навратилова Франсуаза Дюрр Вирджиния Уэйд6–4, 6–41979 Франсуаза Дюрр Бетти Стове Сью Баркер Энн Киёмура7–6(7–1), 7–6(7–3)1980 Билли Джин Кинг Мартина Навратилова Розмари Казалс Венди Тернбулл6–3, 4–6, 6–31981 Мартина Навратилова Пэм Шрайвер Барбара Поттер Шэрон Уолш6–0, 7–6(8–6)1982 Мартина Навратилова Пэм Шрайвер Кэти Джордан Анна Смит6–4, 6–31983 Мартина Навратилова Пэм Шрайвер Клаудия Коде-Кильш Ева Пфафф7–5, 6–21984 Мартина Навратилова Пэм Шрайвер Джо Дьюри Энн Киёмура6–3, 6–11985 Мартина Навратилова Пэм Шрайвер Клаудия Коде-Кильш Гелена Сукова6–7(4–7), 6–4, 7–6(7–5)1986(Mar.) Гана Мандликова Венди Тернбулл Клаудия Коде-Кильш Гелена Сукова6–4, 6–7(4–7), 6–31986(Nov.) Мартина Навратилова Пэм Шрайвер Клаудия Коде-Кильш Гелена Сукова7–6(7–1), 6–31987 Мартина Навратилова Пэм Шрайвер Клаудия Коде-Кильш Гелена Сукова6–1, 6–11988 Мартина Навратилова Пэм Шрайвер Лариса Савченко Наталья Зверева6–3, 6–41989 Мартина Навратилова Пэм Шрайвер Лариса Савченко Наталья Зверева6–3, 6–21990 Кэти Джордан Элизабет Смайли Мерседес Пас Аранча Санчес Викарио7–6(7–4), 6–41991 Мартина Навратилова Пэм Шрайвер Джиджи Фернандес Яна Новотна4–6, 7–5, 6–41992 Аранча Санчес Викарио Гелена Сукова Яна Новотна Лариса Савченко-Нейланд7–6(7–4), 6–11993 Джиджи Фернандес Наталья Зверева Яна Новотна Лариса Нейланд6–3, 7–51994 Джиджи Фернандес Наталья Зверева Яна Новотна Аранча Санчес Викарио6–3, 6–7(4–7), 6–31995 Яна Новотна Аранча Санчес Викарио Джиджи Фернандес Наталья Зверева6–2, 6–11996 Линдсей Дэвенпорт Мэри Джо Фернандес Яна Новотна Аранча Санчес Викарио6–3, 6–21997 Линдсей Дэвенпорт Яна Новотна Александра Фусаи Натали Тозья6–7(5–7), 6–3, 6–21998 Линдсей Дэвенпорт Наталья Зверева Александра Фусаи Натали Тозья6–7(6–8), 7–5, 6–31999 Мартина Хингис Анна Курникова Аранча Санчес Викарио Лариса Нейланд6–4, 6–42000 Мартина Хингис Анна Курникова Николь Арендт Манон Боллеграф6–2, 6–32001 Лиза Реймонд Ренне Стаббс Кара Блэк Елена Лиховцева7–5, 3–6, 6–32002 Елена Дементьева Жанетта Гусарова Кара Блэк Елена Лиховцева4–6, 6–4, 6–32003 Вирхиния Руано Паскуаль Паола Суарес Ким Клейстерс Аи Сугияма6–4, 3–6, 6–32004 Надежда Петрова Меган Шонесси Кара Блэк Ренне Стаббс7–5, 6–22005 Лиза Реймонд Саманта Стосур Кара Блэк Ренне Стаббс6–7(5–7), 7–5, 6–42006 Лиза Реймонд Саманта Стосур Кара Блэк Ренне Стаббс3–6, 6–3, 6–32007 Кара Блэк Лизель Хубер Катарина Среботник Аи Сугияма5–7, 6–3, [10–8]2008 Кара Блэк Лизель Хубер Квета Пешке Ренне Стаббс6–1, 7–52009 Нурия Льягостера Вивес Мария Хосе Мартинес Санчес Кара Блэк Лизель Хубер7–6(7–0), 5–7, [10–7]2010 Хисела Дулко Флавия Пеннетта Квета Пешке Катарина Среботник7–5, 6–42011 Лизель Хубер Лиза Реймонд Квета Пешке Катарина Среботник6–4, 6–42012 Мария Кириленко Надежда Петрова Андреа Главачкова Луция Градецкая6–1, 6–42013 Се Шувэй Пэн Шуай Екатерина Макарова Елена Веснина6–4, 7–52014 Кара Блэк Саня Мирза Се Шувэй Пэн Шуай6–1, 6–02015 Мартина Хингис Саня Мирза Гарбинье Мугуруса Карла Суарес Наварро6–0, 6–32016 Екатерина Макарова Елена Веснина Бетани Маттек-Сандс Луция Шафаржова7–6(7–5), 6–32017 Тимея Бабош Андреа Главачкова Кики Бертенс Юханна Ларссон4–6, 6–4, [10–5]2018 Тимея Бабош Кристина Младенович Барбора Крейчикова Катержина Синякова6–4, 7–52019 Тимея Бабош Кристина Младенович Се Шувэй Барбора Стрыцова6–1, 6–32020Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс өткізілген жоқ2021 Барбора Крейчикова Катержина Синякова Се Шувэй Элизе Мертенс6–3, 6–42022Вероника Кудерметова Элизе Мертенс Барбора Крейчикова Катержина Синякова6–2, 4–6, [11–9]2023 Лаура Зигемунд Вера Звонарева Николь Мелихар-Мартинес Эллен Перес6–4, 6–42024 Габриэла Дабровски Эрин Рутлифф Катержина Синякова Тейлор Таунсенд7–5, 6–32025Вероника Кудерметова Элизе Мертенс Тимея Бабош Луиза Стефани7–6(7–4), 6–1 ескертпелер

Тағы қараңыз ATP Қорытынды турнирі

Дереккөздер

Санат:WTA Қорытынды турнирі