Айдос Сәкенұлы Мырзахметов (12 тамыз 1981, Жамбыл ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық әскери қайраткер, генерал-майор, 2026 жылдан бергі Қорғаныс министрі. Бұған дейін ол 2024–2026 жылдары Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болатын.
Өмірбаяны Айдос Мырзахметов 1981 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген.
2002 жылы Мырзахметов Қазақстан Қарулы күштерінің әскери академиясындағы, 2025 жылы Ұлттық қорғаныс университетіндегі оқуын бітірген.Айдос Мырзахметов жаңа Қорғаныс министрі болып тағайындалды
Ол Мемлекеттік күзет қызметіндегі офицерлік қызметтің сатыларынан өтіп, командалық және басшылық лауазымдарды атқарған.
2024 жылғы қаңтарда президент Тоқаев оны Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы етіп тағайындады.
2026 жылғы қыркүйектегі Каспий теңізіндегі әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов лауазымынан босатылған соң, оның орнына Мырзахметов тағайындалады.
Марапаттары және атақтары 2026 жылғы 5 мамырда Мырзахметов генерал-майор атанды.
Оның марапаттарының қатарында: II дәрежелі Айбын ордені бар.
Отбасы Мырзахметов үйленген, үш баласы бар.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан әскерилері Санат:Қазақстан қорғаныс министрлері Санат:Қазақстан Арнайы операциялар күштері қолбасшылары