Вевис () — Литвадағы қала, Электренай уезінің құрамына кіреді және Вевис староствосының әкімшілік орталығы болып табылады. 2026 жылы Виевис қаласының халқы 4 915 адамды құрады. Виевис — Литвадағы 103 қаланың бірі және халық саны жағынан елде 57-ші орында тұр.

Географиялық орналасуы Вильнюстен 39 км қашықтықта, E85 Вильнюс–Каунас–Клайпеда тас жолының екі жағында және Вильнюс–Каунас теміржол желісінің бойында орналасқан.

Тарихы Қала туралы алғашқы деректер 1539 жылға жатады. Қала атуы оңтүстігінде орналасқан Вивис көлінің атауынан шыққан. Сондай-ақ, бұл атауды Полоцк князьінің қызы әрі Гедиминастың жұбайы Евнаның есімімен байланыстыратын болжам да бар, алайда бұл нұсқаның дұрыстығына күмән келтіріледі. Дереккөздерге сәйкес, осы жерлерде XIV ғасырда Евье Успен монастырының негізі қаланған. Кейінірек онда православиелік мектеп ашылды. Алайда XVI ғасырдың екінші жартысында монастырь құлдырауға ұшырап, соның салдарынан православиелік мектеп жабылды. Кейінірек, бейбіт уақытта, князь Огинский Эвьеде католик шіркеуін салдырды. Көп ұзамай онда Успен православиелік шіркеуі тұрғызылды.

XIX ғасырдың екінші жартысында теміржол желісінің салынуының арқасында Вевис қарқынды дами бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1950 жылы, бұл елді мекенге қала мәртебесі беріліп, аудан орталығына айналды. Вевис ауданы таратылғаннан кейін ол Тракай ауданының құрамына енгізілді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалау барысында ол 2000 жылы жаңадан құрылған Электренай уезінің құрамына қосылды.

Экономикасы және инфрақұрылымы Қалада бірқатар кәсіпорын, мал азығын, құрылыс материалдары мен азық-түлік өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді.

Білім беру мекемелері: Вевис өнер мектебі Вевис гимназиясы Вевис санаторийі Вевис Юргис Миланчюс атындағы бастауыш мектеп Вевис қалалық кітапханасы

Сондай ақ пошта бөлімшесі, аурухана, емхана, спортзал, балабақша, мәдениет орталығы жұмыс жасайды.

Көрнекті орындары 1995 жылы қалада Жол мұражайы ашылды. Оның бірегей экспонаттары Литвадағы жолдар мен көлік тарихын өткен ғасырлардан бастап бүгінгі күнге дейінгі ұзақ кезең аралығында көрсетеді. Мұражай қорында арнайы киімдер, жұмыс құралдары, құжаттар, жол белгілері, нақты көлік құралдары және тағы басқа көптеген заттарды қоса алғанда, 6000-ға жуық жәдігер сақталған.

Литва геология мұражайында елдің әртүрлі аймақтарынан жиналған минералдар топтамасы қойылған.

Қазіргі уақытқа дейін 1816 жылы князь Огинскийдің қаражатына салынған католик шіркеуі сақталған. Қаладағы Қасиетті Құдай Ананың Успен шіркеуі 1843 жылы құрылған.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Литва қалалары