Күлхан — Моңғол империясының қолбасшысы, Шыңғыс ханның екінші әйелі меркіт тайпасынан шыққан Құлан хатұннан (Хулан) туған ұлы.Чингиз-хан и Чингизиды. Судьба и власть / Т. И. Султанов. — М.: АСТ, 2006. — 445 с.

Өмірбаяны Шыңғыс ханның балаларының ішінде оның бас бәйбішесі Бөрте ханымнан туған ұлдары ең жоғары беделге ие болғанына қарамастан, Күлхан Жошы, Шағатай, Үгедей және Төлемен тең дәрежеде құқықтарға ие болды."Sultanov" Әкесінің көзі тірісінде-ақ Күлхан 4 мың жауынгерден тұратын жасақты басқаруға алды, олардың қатарында Рашид әд-Дин Шыңғыс ханның әйгілі қолбасшыларының бірі Құбылай ноянды (Хубилай) атап өтеді.Военная держава Чингисхана / Р. П. Храпачевский. — М.: АСТ, 2004.

1238 жылғы қаңтарда болған Коломна түбіндегі шайқас кезінде қаза тапты. Ол Русьті жаулап алу және жалпы сол дәуірдегі Орданың Батыс жорықтары барысында ұрыс даласында өлтірілген жалғыз Төре - Шыңғыс хан ұрпағы (Шыңғысид) болып табылады.

Күлханның төрт ұлы болған, олардың үлкенінің есімі — Куча. Күлханның шөбересі Эбуген кейіннен Құбылай қағанға қарсы бағытталған бүлікке қатысып, өлім жазасына кесілген.

Мәдениетте Күлхан жазушы Василий Янның «Батый» және Исай Калашниковтың «Қатыгез ғасыр» («Жестокий век») тарихи романдарындағы кейіпкерлердің бірі ретінде суреттелген.

Әдебиет Рашид ад-Дин. Сборник летописей / Перевод с персидского Л. А. Хетагурова, редакция и примечания профессора А. А. Семёнова. — М., Л.: Издательство АН СССР, 1952. — Т. 1, кн. 1. Рашид ад-Дин. Сборник летописей / Пер. с персидского О. И. Смирновой, редакция проф. А. А. Семёнова. — М., Л.: Издательство Академии Наук СССР, 1952. — Т. 1, кн. 2. Султанов Т. И. Чингиз-хан и Чингизиды. Судьба и власть. — М.: АСТ:АСТ МОСКВА, 2006. — 445 с. — (Историческая библиотека). Елисеев М. Б. Нашествие Батыя на Северо-Восточную Русь. — М.: Вече, 2017. — 352 с.

Дереккөздер

Санат:Шыңғыс әулеті