Ямал-Ненец автономиялық округі (ЯНАО; ; , сирек бейресми атауы Ямалия) — Ресей Федерациясының субъектісі, Пункт 1 статьи 65 Ресей Федерациясы Конституциясы: «Ямало-Ненецкий автономный округ — субъект РФ.» Түмен облысының құрамына енеді.
Округтің әкімшілік орталығы — Салехард қаласы, ең ірі қаласы — Жаңа Уренгой. 2021 жылғы Ресей санағы округтің халқын 510 490 адам деді.
Автономиялық округ шығысында Красноярск өлкесімен, оңтүстігінде Ханты-Манси автономиялық округімен, батысында Ненец автономиялық округі мен Коми Республикасымен шектеседі.
Географиясы Шамамен 2,2 миллион км² аумағы бар Батыс Сібір мұнай-газ алабы — әлемдегі ең ірі көмірсутек (табиғи газ бен мұнай) алабы. Оның арқасында Ямал-Ненец автономиялық округі — Ресейдегі мұнай мен газды ең көп өндіретін аймағы.
Ненецтер — аймақтың түп халқы. Олар ежелгі тарихы бойы аңшы-терімшілікпен, соның ішінде ақ аю аулаумен айналысты. Ақ аю аулау қазірдің өзінде де жалғасады.C. Michael Hogan (2008) Polar Bear: Ursus maritimus, Globaltwitcher.com, ed. Nicklas Stromberg
Ямал-Ненец автономиялық округі аумағы арктикалық тундра мен тайгадан құралған. Оның үш түбегі бар: Ямал түбегі, Таз түбегі мен Гыда түбегі (өзі Явай және Мамонта түбектерінен құралған). Округта 300 000 дерлік көл бар, ең ірілері қатарында Пякуто, Чёртово, Нейто, Ямбуто, 1-Яррото мен 2-Яррото бар.
Обь өзені Ямал-Ненец автономиялық округі аумағынан өтіп, Обь шығанағы арқылы Кар теңізіне құяды. Шығанақ, Таз шығанағы мен Губа шығанағымен бірге, округ географиясының басым бөлігіне әсер етеді.Regional Index: Regional Index, accessdate: 2017-05-05Yamalo-Nenets region, Russia facts, resources, climate, photos: Yamalo-Nenets region, Russia facts, resources, climate, photos, accessdate: 2017-05-05
Тарихы Ямал-Ненец автономиялық округі 1930 жылғы 10 желтоқсанда Ямал (Ненец) автономиялық округі () атауымен Орал облысы құрамында құрылды.
Әкімшілік бөлінісі нобай|оңға|350px|Қазақтілді картадағы Ямал-Ненец автономиялық округінің аудандары нобай|оңға|300px|Жаңа Уренгойдың солтүстік аудандары нобай|оңға|300px|Муравленко өнеркәсібі, 2014 жыл
Аудан саны() 7 Қала саны() 8 Қала типті елді-мекен саны() 5 Сельсовет саны() 41 Ауылдық елді-мекен саны() 102 Халқы жоқ ауылдық елді-мекен саны() 19
Әкімшілік және аумақтық бөлінісі Бірлік Құрылысы ОКАТО ОКТМО Қала-типті елді-мекені/аудан деңгейлі қаласы* Ауылдары(сельсовет)ӘкімшілікМуниципал Салехард қала қалалық округ 71 171 71 951 Губкинский қала қалалық округ 71 172 71 952 Лабытнанги қала қалалық округ 71 173 71 953 Харп Надым қала 71 174 71 916 Муравленко қала қалалық округ 71 175 71 955 Жаңа Уренгой() қала қалалық округ 71 176 71 956 Ноябрьск қала қалалық округ 71 178 71 958 1 Красноселькуп() аудан 71 153 71 913 3 Надым() аудан округ 71 156 71 916 Пангоды Заполярный 8 Орал маңы() аудан 71 158 71 918 6 Пур() аудан округ 71 160 71 920 Тарко-Сале Уренгой 5 Тазовский аудан округ 71 163 71 923 Тазовский 4 Шурышкары() аудан 71 166 71 926 8 Ямал() аудан 71 168 71 928 6
Халқы нобай|оңға|300px|Ненец әжей, Ямал-Ненец автономиялық округі, 2009 жыл
Халық саны: 510 490 (2021 жылғы санақ);https://rosstat.gov.ru/vpn/2020/Tom1_Chislennost_i_razmeshchenie_naseleniya 522 904 (2010 жылғы санақ);http://www.gks.ru/free_doc/new_site/perepis2010/croc/perepis_itogi1612.htm 507 006 (2002 жылғы санақ);http://www.perepis2002.ru/ct/doc/1_TOM_01_04.xls 486 164 (1989 жылғы КСРО санағы).http://demoscope.ru/weekly/ssp/rus89_reg.php
Аймақта табиғи ресурстардың ашылуына байланысты 1960 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта Ямал-Ненец автономиялық округінің халқы 60 000 адамнан 530 000-нан астам адамға дейін өсті. Қазіргі таңда округ — Ресей Федерациясындағы халық саны азаймай отырған жалғыз Арктикалық аймақ. Аймақтың қоршаған ортасына түсетін салмақтың артқанына қарамастан, бұрынғы губернатор Дмитрий Кобылкин 2016 жылы өнеркәсіптік игеру жұмыстары жергілікті халықтың дәстүрлі өмір салтына әсер етпейтінін мәлімдеген болатын. Ресми деректерге сәйкес, 2006–2016 жылдар аралығында байырғы халық саны 11 пайызға артқан.
Ұлттық құрамы Ненецтер округ халық санының 8,9% құрайды. Олардан көп — орыстар (62,9%), олардан кейінгі — татарлар (4,7%) және украиндар (4,5%). Өзге ірі этностар қатарында ханты (2,5%), әзербайжандар (1,7%), башқұрттар (1,5%), құмықтар (1,2%), ноғайлар (0,9%) бар (бүкіл дерек 2021 жылғы санақтан алынған).
Этнос 1939 санағы 1959 санағы 1970 санағы 1979 санағы 1989 санағы 2002 санағы 2010 санағы1 2021 санағы Саны % Саны % Саны % Саны % Саны % Саны % Саны % Саны % Орыстар 19 30842,1% 27 78944,6% 37 51846,9% 93 75059,0% 292 80859,2% 298 35958,8% 312 01961,7% 253 30662,9% Украиндар 3950,9% 1 9213,1% 3 0263,8% 15 7219,9% 85 02217,2% 66 08013,0% 48 9859,7% 18 2344,5% Ненецтер 13 45429,3% 13 97722,4% 17 53821,9% 17 40411,0% 20 9174,2% 26 4355,2% 29 7725,9% 35 9178,9% Татарлар 1 6363,6% 3 9526,3% 4 6535,8% 8 5565,4% 26 4315,3% 27 7345,5% 28 5095,6% 18 9124,7% Ханты 5 36711,7% 5 5198,9% 6 5138,1% 6 4664,1% 7 2471,5% 8 7601,7% 9 4891,9% 9 9852,5% Комилер 4 72210,3% 4 8667,8% 5 4456,8% 5 6423,6% 6 0001,2% 6 1771,2% 5 1411,0% 3 5560,9% Селькуптер 870,2% 1 2452,0% 1 7102,1% 1 6111,0% 1 5300,3% 1 7970,4% 1 9880,4% 2 0010,5% Қалғандар 8711,9% 3 0654,9% 3 5744,5% 9 6946,1% 54 88911,1% 71 66414,1% 74 62514,3% 70 87315,1% 1 17 517 адам әкімшілік базасында болған, бірақ этносын айта алмаған. Бұл жылғы санаттағы проценттер шамалап есептелген.Перепись-2010: русских становится больше. Perepis-2010.ru (2011-12-19). accessdate: 2013-08-20.
Діни құрамы 2012 жылғы сауалнама ақпаратынша"Arena: Atlas of Religions and Nationalities in Russia". Sreda, 2012.2012 Arena Atlas Religion Maps. "Ogonek", № 34 (5243), 27/08/2012. Retrieved 21/04/2017. Archived. Ямал-Ненец автономиялық округі халқының 42,2% өзін Орыс православие шіркеуіне жатқызады, 14% шіркеуге жатпайтын жалпы христиандар, 1% орыс емес православие шіркеуіне жататындар. Халықтың 1% славян неопаганистері (), не басқа шаманистік дін өкілдері, 1% протестанттар, 18% мұсылмандар, көбіне кавказдықтар мен татарлар. Халықтың 14% өзін «рухани, бірақ діншіл емес» деген, 8% атеист деген, 0,8% өзге дін өкілі болды, не жауап бермеген.
Экономикасы нобай|оңға|Заполярное табиғи газ алаңы, Жаңа Уренгой
2009 жылы Ямал-Ненец автономиялық округі Ресейдің ең маңызды табиғи газ қайнары болды. Ресейдегі газ өндірісінің 90%-тен көбі осы өңірде орын алатын. Округ, оған қоса, елдегі мұнай өндірісінің 12%-не жауапты. Округ Ресейдің ең ірі Газпром компаниясына аса маңызды; оның басты нысандары округте орналасқан. Елдің екінші ең ірі мұнай өндірушісі, Новатек те осы өңірде жұмыс істейді; оның штаб-пәтері Тарко-Саледе орналасқан. 2019 жылғы 22 қазандағы Новатектің ақпаратынша Ямал-Ненец автономиялық округтегі табиғи газ қоры Ресейдегі табиғи газдың 80%-не, әлемдегі газдың 15%-не жауапты.
2010 жылдардың басынан бері Газпром компаниясы Ямал түбегінде «Ямал» жобасын жүзеге асырып келеді. 2020 жылғы жағдай бойынша Ямал Ресейде өндірілетін табиғи газдың 20%-дан астамын қамтамасыз етеді; бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай 40%-ға дейін артады деген болжамдар бар.
Белгілі тұлғалар Анастасия Тимофеевна Лапсуй (1944 жылы туған), ненец кинорежиссёр, сценарийшісі және радиожурналисі
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша әкімшілік бірліктер *