Владимир Степанович Батурин (1948 ж.т.) – философия ғылымдарының докторы (2005), профессор (2005).
ҚазМУ-ды (1972, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында кафедра меңгерушісі (1972–1974), Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент (1974–1983), декан (1983–1987), осы университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры (1987–1994), ал 2005 жылдан профессор
2004 жылы «Социальная деятельность: природа, сущность, стратегия организации» деген тақырыпта докторантура диссертацияны қорғады.
Б. 60-тан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 монографияның, т.б. кітаптардың («Государственное управление и местное самоуправление: реальность и перспективы», 2003; «Правовое обеспечение рыночных преобразований в процессе модернизации Казахстанского общества», 2005) авторы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:1948 жылы туғандар Санат:Философия ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан философтары Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушылары