Комедиялық драма немесе драмеди — бұл комедия мен драма элементтерін біріктіретін гибридті жанр. Кинода, сондай-ақ сценарийі бар телесериалдарда өлім, ауру, опасыздық, қайғы сияқты күрделі драмалық тақырыптар жеңіл немесе әзілге толы реңкті сақтай отырып, шынайылықпен және нәзік түрде шешіледі.
«Драмеди» термині телевизия индустриясында 1980 жылдары қолданыла бастады. Заманауи телевизиялық комедиялық драмалардың сюжеті драмалық сериалдарға қарағанда әзілге бай келеді, бірақ ситкомдар сияқты жиі әзілдей беру сипаты кездесе бермейді.
Тарихы
Ежелгі Грек театрында пьесалар комедия және трагедия (яғни драма) болып екіге бөлінген: біріншісі — бақытты аяқталатын жеңіл оқиғалар болса, екіншісі — қайғылы аяқталатын күрделі оқиғалар еді. Бұл ұғым тіпті Рим театры мен эллинизм дәуіріндегі театр өнеріне де өз әсерін тигізді. Бұл дәуірдегі театр өнерінің ықпалы тіпті заманауи баяндаушы шығармаларда да ұзақ сақталған деп есептеледі.
Тіпті бүгінгі күннің өзінде туындылар жиі екі үлкен санатқа — драмалар мен комедияларға бөлініп жіктеледі. Мысалы, кино мен телевизия саласындағы жетістіктерді бағалайтын «Эмми» және «Алтын глобус» сияқты көптеген беделді марапаттар бірқатар номинацияларды дәл осы екі санат бойынша бөледі.
XX ғасырда комедия мен драма жанрын ұштастыратын фильмдер мен телевизиялық туындылардың саны күрт арта түсті. Америка кинематографиясында Чарли Чаплиннің «Сәби» (1921) фильмі комедия мен драманы біріктірген тұңғыш толықметражды фильм ретінде мойындалған.
Тағы қараңыз Қара комедия Трагикомедия
Дереккөздер
Санат:Кино жанрлары Санат:Драма