Nickelodeon Kids' Choice Awards (сондай-ақ KCAs немесе Kids' Choice Awards ретінде де белгілі) — Nickelodeon телеарнасы шығаратын жыл сайынғы америкалық марапаттау шоуы. Әдетте наурыз немесе сәуір айының басында сенбі күні кешке өтетін бұл шоу Nickelodeon желісінің бүкіл әлемдегі көрермендерінің дауыс беруі бойынша телевизия, кино, музыка және спорт саласындағы жылдың ең үздік жетістіктерін марапаттайды. Жеңімпаздарға арнаның 1984–2009 жылдардағы логотипінің нобайы болып табылатын және ішіне калейдоскоп орнатылған қуыс апельсин түстес дирижабль мүсіншесі табысталады.

Шоуда көптеген танымл қонақтар мен музыкалық өнер көрсетушілер, соның ішінде жанды дауыстағы қойылымдар өнер көрсетеді. Сондай-ақ бұл шара телеарнаның фирмалық белгісі — жасыл шырышпен (лайммен) танымал: 2002 жылдан бастап шоуға шырышпен байланысты трюктар енгізілді. «Ысқыш Боб Шаршы Шалбар» анимациялық сериалы барлық маусымдар бойы жалпы жиырмы екі марапат ұтып алып, KCA рекордшысы атанды. Жекелей есепте Селена Гомес ең көп жүлдеге (13) ие болды, одан кейін Адам Сэндлер (12), Уилл Смит, Тейлор Свифт, Ариана Гранде (әрқайсысы 11-ден) және Джастин Бибер (9) тұр. Вупи Голдберг пен Стивен Спилберг Kids' Choice Award сыйлығын «Эмми», «Грэмми», «Оскар» және «Тони» сыйлықтарынан тұратын «ЭГОТ» жиынтығымен қатар ұтып алған жалғыз тұлғалар болып табылады. Рози О'Доннелл бұл шоуды сегіз рет жүргізсе, одан кейін Джек Блэк (үш рет), сондай-ақ Кэндис Камерон, Уитни Хьюстон және Джон Сина (әрқайсысы екі реттен) жүргізуші болды.

Тағы қараңыз Teen Choice Awards

Дереккөздер

Санат:Nickelodeon Kids' Choice Awards