Вирбалис () — Литваның Мариямполь уезіндегі қала, Вирбалис староствосының әкімшілік орталығы. 2026 жылы Вирбалис қаласының халқы 1 205 адамды құрады. Вирбалис — Литвадағы 103 қаланың бірі және халық саны жағынан елде 87-ші орында тұр.

Географиялық орналасуы Қала Каунас–Калининград желісіндегі Кибартай теміржол стансасынан екі шақырым және Вилкавишкистан 12 км. жерде орналасқан.

Тарихы нобай|солға|200px|1912 жылға дейінгі Вирбалис (Вирбаллен) базары Ол алғаш рет 1529 жылы Литва Ұлы кінәздігінің құрамында «Нова Воля» атауымен аталған. Елді мекен 1593 жылы құрылып, 1795–1807 жылдары ол Пруссияның құрамында болып, «Вирбаллен» деп аталды. 1807 жылдан бастап Варшава кінәздігінің құрамына енді. Ал 1815 жылы Ресей империясының құрамына қосылып, 1917 жылға дейін «Вержболово» атауымен белгілі болды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Вирбалис арқылы Санкт-Петербург – Варшава теміржол желісінің тармағы тартылды.

1940 жылдан бастап ол Литва КСР-інің (КСРО) құрамында болды. Ұлы Отан соғысы кезінде, 1941 жылдың 22 маусымында, қаладан Қызыл Армия шегініп, 1944 жылы Гумбиннен-Гольдап шабуыл операциясы барысында 3-ші Белорус майданының әскерлері тарапынан азат етілді. 1990 жылы Литваның тәуелсіздігі қалпына келтірілгеннен кейін, қала Литва Республикасының құрамына енді.

Экономикасы және инфрақұрылымы нобай|солға|200px|Вержболово стансасы 1917 Кеңес заманында Вирбалис қаласында металл бұйымдарын шығаратын зауыт пен май зауыты болған.

Вилкавишкис – Кенигсберг тас жолы (Ресей Федерациясы, Калининград облысы) Вирбалис арқылы өтеді. Мұндағы көрікті жерлердің қатарына Әулие Архангел Михаил шіркеуі (1945 жылы салынған) және Евангелиелік лютеран шіркеуі жатады. Елді мекенде пошта бөлімшесі, амбулатория, бастауыш мектеп, мектепке дейінгі мекеме, мәдениет орталығы және кітапхана жұмыс істейді. Сондай-ақ, мұнда Вирбалистің 400 жылдығына арналған ескерткіш орнатылған (1993 жылы тұрғызылған). Қаланың оңтүстігінде Вирбалгирис бекінісі мен Вирбалгирис табиғи қорығы орналасқан.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Литва қалалары