Жылыой кентінде балық кәсіпшілігінің дамуы (1900-1915 жж.) — Кентте, 1900 жылдың мамыр айындағы есеп бойынша, балық аулаумен айналысатын 75 кәсіпорын болды, олардың 20-сы науқандық еді. XIX ғасырдың аяғында — 1899-1900 жылдары балық байлығын игеруді өз қолдарымен атқарған жұмысшылардың жағдайы ауыр болды, ең басты себебі — балық аулау мен оның өнімдерін өңдеу жұмыстары 99 пайыздық ретте қолмен атқарылатын. Техника жоққа тән еді. Кәсіпшіліктік құрылыстар да нағыз еңбек адамының талабына толық сәйкес келмеді. Қазақтар еңбек ақысын орыстарға қарағанда едәуір аз алды, мысалы, көктемгі балық аулау маусымында жұмыс жасаған 1857 қазақтарға — бір адамға 22 рубль 43 копейкадан берсе, ал осындай кәсіптегі орыс жұмысшысы 31 рубль 67 копейка алды. Сонда, негізгі жердің қожайындары қазақтар келімсектерден 9 рубль 24 копейка кем алады екен.

1901-1910 жылдарғы Жылойдағы балық кәсіпшілігі XX-ғасырдың алғашқы он бес жылы ішінде Жылой кентінде және оның айналасындағы барлық балық аулау кәсіпшіліктерінде де балық аулау ісі біршама қарқынды дамыды. 1901 жылы Балық кәсіпшіліктерінің Астрахан басқармасыны (оған құрамында Жылой кенті бар XIX балық телімі де кіреді) тиісті деректер түспей қалған.«Статистический обзор». 1903 г. cс.84,85

1902 жылы қазақ жерінде орналасқан төрт орыс кентінде 52 балық тұздайтын орын болды. Тек денесін алғандағы қызыл балықтың ауланғаны — 16.613 пұт 31 фунт, уылдырығы - 1.358 пұт 34 фунт, ал, қара балықтың уылдырын - 33.874 пұт болды. нобай|оңға|200px|Рыбница - балық аулау кемесі 1903 жылы теңізде ауланған балықтан өнім алумен жағаға орналасқан 57 кәсіпшілік айналысты, судағы қозғалыстың құралдары жазда — рыбница мен будара, қыста - 4 ат шана болды. Жыл ішінде 1 миллион 302 мың 808 дана майшабақ ауланған.«Статистический обзор». 1905 г. c.78

1904 жылы басқалармен бірге ауланған ақбалық 638 пұт болған. Осы тұста Жылой кентінде 110 дүкен (лавка), 12 ұстахана, 31 басқа да өнеркәсіптік орындар жұмыс жасады.«Статистический обзор». 1906 г., с.76

1905 жылы 1.681 пұт сазан мен көксерке ауланған.«Статистический обзор». 1907 г., с.70

1906 жылы Жылой аймағында балықшылар ауына 12 миллион 631 мың дана қаракөз түскен.«Статистический обзор». 1908 г., с.95

1907 жылы балық аулау телімі бұрынғы калпын сақтады. Жылдың өне бойында барлығы 29 кәсіпшілік жұмыс жасады, оның 25-і Жылой кентінде болыпты. Телім бойынша 264 дана (890 пұт) қортпа (белуга), 963 дана (922 пұт 5 фунт) бекіре (осетр), 173 дана (85 пұт 25 фунт) шоқыр (севрюга) ауланды. Алайда, барлық ұсталған балықты шынайы есептеу мүмкін болмапты, себебі, Астраханнан келген екі жүз-үш жүз балық қабылдайтын және сатып алатын кемелердің жасырып алып кеткен ұрлығы ауланғаннан да көп бөлікті құрайды екен.«Статистический обзор». 1909 г., с.111

1908 жылы 17 кәсіпшілік балық аулаумен айналысты. Басқаларымен бірге 73.400 дана (8.697 пұт) бершовник балығы балықшыларға олжа болды.«Статистический обзор». 1910 г. c.113

1909 жылы Жылой кентінде 18 батаға мен 1 плашкоут, Қияқ өзенінде — 4 батаға, Қара өзек өзенінде — 4 батаға, Жаршықта — 1 батаға балықшыларға қызмет көрсетті. Жалпы өнімдердің ішінде 6 мың дана (120 пұт) сазан мен 15.585 пұт болып дайындалған қаракөз уылдырығын да дайындалды.«Статистический обзор». 1911 г., с.14

1910 жылы 329 пұт 30 фунт немесе 4899 дана — қызыл балық, 5.625 дана ақбалық, 39.863 пұт 30 фунт немесе 24.081.705 дана қара балық ауланыпты.«Статистический обзор» 1912 г. с.25

1911 жылғы Жылойдағы балық кәсіпшілігі 1911 жылы бұл шаруашылық барлық жағынан да едәуір қиыншылықтарға кезікті: өзен мен теңіздің қайраңдануы көбейді, ол өз кезегінде балықтың өрісіне кедергі жасады, балықтың барлық түрі де аз келді. Табиғаттың күрт кұбылуы да кері әсерін тигізді, теңіздік дауылдар жиілеп кетті, жағадағы балықшыларға әрі отын, әрі құрылыс болып кеткен қамыс тапшы шықты, балық аулауды бастау мен аяқтау мерзімдері әдеттегі уақыттарға қайшы келді, балық аулау ісі тоқтауға мәжбүр болды.

Теңіз көпке дейін қатпай қойды, қысқы маусым 17 қаңтарда ғана басталды, бірақ, балығы, әсіресе, бекіресі көп болды, көнекөздердің айтуына қарағанда, мұндай сәтті балық аулау соңғы он бес жылда болмаған екен. Алайда, ақбалықты аулау 1910 жылмен салыстырғанда азайып кетулі. Көктемгі маусым да кеш басталды, мұз бұзылып болмады. Балық аулауға Жылой кентіндегілер 9 сәуірде ғана шықты, астрахандықтар мен жамбайлықтар сәуірдің ортасында келді. Қаракөзді, майшабақ пен қарынсауды (бозанканы) аулау 17 сәуірден бастап тоқтатылды. Басқа тұқымдық балықтар өте аз кездесті. Салқын жел үнемі соғып тұрды. Бірақ, балықшылар қазасы болған жоқ. Дейтұрғанмен, материалдық зардаптар орасан зор еді: 23 және 28 тамыздағы, 30 қыркүйек пен 23 желтоқсандағы теңіздік дауылдар ауларды, ыдыстарды, қайықтарды, багроуштар мен рыбницаларды теңізге үйіріп әкетіп, қиратты, жағадағы кәсіпшіліктерге айтарлықтай зиян шектірді.

Бұл жылы көбіне-көп зардап шеккендер жергілікті қазақтар болыпты: олар балықты тар көзді аулармен аулайтын, сондай- ақ, балықтың көпшілігі 1911 жылғы 9 мамырдағы заңға сәйкес жалпы базарға өтпейтін еді. Бұл бұрын болмаған жағдайды туғызады: базарға өткізе алмаған балықтарын қазақтар өздері тұздап алып, тек қана уылдырықтарын сатты, ал балықты амалсыздан өздері жей бастайды. Мұндайды аңдып отырған алыпсатарлар қазақ ауылдарын аралап, әлгі балықтарды өте төмен бағаларға көтере сатып алған.«Статистический обзор». 1913 г., сс.24,25, 26

1914-1915 жылдарғы Жылойдағы балық кәсіпшілігі 1914-1915 жылы да біршама балық ауланды, оның көрсеткіштері төмендегі кестеде көрсетілген:«Статистический обзор». 1917 г., с.60

+ 1914-1915 жылдар Рет саны Балық түрі 1914 (қыс) 1915 (қыс) 1914 (көктем) 1915 (көктем) 1914 (күз) 1915 (күз) 1914 (барлық басы) 1915 (барлық басы) 1. Қортпа 66 87 310 737 394 666 770 1490 2. Бекіре 733 10.506 384 746 359 326 1.476 11.578 3. Шоқыр - - 1.293 3.365 155 247 1.448 3.612 4. Шип 1 - 18 14 9 16 28 30 5. Майшабақ - - 768.150 603.000 56.000 - 824.150 603.000 6. Қарынсау - - 6.810.000 7.033.000 - - 6.810.000 7.033.000 7. Қаракөз - - 1.105.700 24.000.000 1.715.300 4.682.000 2.821.000 28.682.000 8. Көксерке - - 20.660 - 38.000 1.325.000 58.660 1.325.000 9. Сазан - - 3.600 30.000 86.200 590.000 89.800 620.000 10. Табан - - 24.650 11.100 1.500 129.000 26.150 140.100 11. Берш - - - - - 34.000 - 34.000 12. Ақбалық 7.677 1.161 - - - - 7.677 1.161

Дереккөздер

Санат:Жылыой ауданы Санат:Атырау облысы тарихы