Ұшқан — Алтын Орда заманында XIII-XIV ғасырларда салынған. Атырау облысы, Жылыой ауданы, ескі Мұнайлы ауылынан оңтүстікке қарай 20 шақырым, Құлсары каласынан 50 шақырым оңтүстік-шығыста. Шығыс Еуропадан Сарайшық арқылы Хорезмге баратын жол бойында орналасқан. Қала үстінде Ұшқан ата қорымы бар.
Қала туралы деректер Ұшқан қаласы туралы алғашқы мәлімет италиялық ағайынды Пицциганолардың 1367 жылғы картасында Трестарго (Трестаго) деп кездеседі.Брун Ф. Перипл Каспийского моря по картам XIV столетия//Записки Новороссийского университета. - Одесса, 1982. - Т. 8. - 32-б.
Археолог Л.Л.Галкиннің пікірінше, қала «киелі» жер болған. Ол, қала XIV - XV ғасырларда салынған дейді.Галкин Л.Л. Отчет о работе Волго-Уральской экспедиции в Северо-Восточном Прикаспии в 1983 году.
XIX ғасырда Ұшқан каласы туралы А.И.Левшин жазды. Ол қаланың Ноғай сауда жолындағы болғанын әрі онда тұщы құдық бар екенін атап өткен.108. Левшин В.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. Алматы, 1996. - 109-б.
Қала туралы 1732 жылғы И.Г.Гербер де жазды. Ол «Журнал о путешествие из Астрахани в Хиву и Бухару 1732 г. деген атпен неміс тілінде жарияланған. Онда: «Разрушенный город Чван-ата (Tschwan Attah) 29 февраля. нобай|оңға|250px|Ұшқан керуен сарайы ...Мы отправились в путь отсюда утром и шли на юг, к востоку 19 верст, потом, из-за трясины на юго-восток к востоку 3 версты и снова на юг, к востоку 20 верст, и здесь мы прибыли в старый разрушенный город, где мы увидели не только фундаменты многих домов и большой караван-сарай, но и еще стоящие стены домов и подвалов из обтесанных и обожженных камней.
Посередине находился большой бассейн и еще источник с прекрасной «чистой водой, и мы увидели также большое количество могил на одной стороне города. Здесь, среди этих могил, мы остановились, чтобы переночевать. Я искал среди этих могил, не найдется ли каких-либо надписей, но не мог найти, они были уже испорчены временем таким образом, что нельзя было ничего прочитать, кроме некоторых имен, как эмир Мухаммед, из чего можно сделать вывод, что все за могилы были мусульманские, и город, должно быть, был заселен такими людьми среди этих могил была одна, где находился мусульманский святой, находившиеся в караване бухары, хивинцы и другие татары сами называли его Чван-Ата (Tschwan Attah) или летающий отец и говорили, что у этого старика, якобы, был крылья, и он создал и возделал это место, и время от времени прилетал сюда если здесь не хватало воды, он втыкал палку в землю, в то место, где должен быть источник, и источник появлялся. У этого места не было другого названия, кроме имени этого основателя, и оно было так и названо - Чван-Ата (Tschwan Attach).История и культура Атырау в русских источниках (XVIII - XX вв.). Том. 1. -Атырау: ИП «Сисенгалиев ЖМ», 2014. - 400 с. - 29-30-б.
Қала атауының шығуы туралы аңыз әңгімелер көп. Аңыз бойынша, «көріпкел» ғалым Ұшқан Ата Мысыр қаласынан туысқандарының кегін алу үшін асығыс келе жатып, осы жерде қаза тауып, қала солай атала керек. Алайда, басқа жорамалдар бойынша, суының шипалық қасиеті бар бұлақ «үш аққан» немесе «үш қан» сөзінен шыққан. Сондай-ақ ол атауды XVIII ғасырдағы қалмақ-торғауыттар мен қазақтар арасындағы қанды қырғынмен байланыстырады.Атырау облысынын топономикалық атауларының анықтамалығы. - Атырау, 2006
Қаланың көлемі 150x80 м. солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр. Мәдени қабатының қалындығы 1 метр. Қала үсті құлпытастар мен сағантамдардан қатты бүлінген. Қаладан шығысқа қарай 50 метр жерден көлемі 8-10 метрлік 4 кірпіш күйдіру пеші анықталды.
Ұшқан Алтын Орда дәуірінде сауда жолындағы керуен сарай болған, сондай-ақ өте ыңғайлы, тоғыз жол торабында орналасуына байланысты қала кейін де дамыған. Ұшқан Ата жерленген қала "киелі" мекен ретінде де гүлденген. Қала жойылып кеткеннен кейін де «әулиелі» қорым — зиярат орнына айналып, онда жүздеген құлпытас, сағана, кесене, т.б. пайда болған.Касенов М.С. Атырау - Каспий ойпатындағы отырықшылық ескерткіштері, - «Ағатай», баспасы. - 2011. - 113 б. - 62-б.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан көне қалалары Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Атырау облысы тарихы Санат:Қазақстандағы археология