Светлана Георгиевна Тихановская (; ; 11 қыркүйек 1982, Микашевичи) — беларусьтік оппозицияшы және саяси белсенді. Президент Александр Лукашенкоға қарсы 2020 жылғы президент сайлауынан бері ол Литва мен Польша мойындайтын Беларусьтің қуғындағы оппозицияшы үкіметіне басшылық етіп келеді.
Тихановская күйеуі Сергей Тихановский 2020 жылғы президенттік сайлауға қатысуға ниет білдіргеннен кейін оппозиция жетекшісіне айналды. Сергей Тихановский басқа да оппозиция жетекшілеріндей қамауға алынды. Тихановская күйеуінің атынан президенттікке үміткер ретінде тіркелді. Беларусьтің авторитар президенті Александр Лукашенко әйел адам шынайы оппозиция құра алмайды деп есептегендіктен, оның кандидатурасына рұқсат берді.
Тихановская президент билігіне конституциялық реформа жасауды, президент мерзіміне шектеу қоюды және еркін әрі әділ сайлау өткізуді көздейтін бағдарламамен сайлауға түсті. Ол осы мақсат орындалғаннан кейін қызметінен кетуге уәде берді. Лукашенко жеңімпаз деп жарияланғаннан кейін, Тихановскаяны Беларусь билігі ұстап, кейін Литваға жер аударуға мәжбүр етті. Бақылаушылар сайлау нәтижесі жалған деп есептейді, ал Литва Тихановскаяны Беларусьтің жалғыз заңды мемлекет басшысы ретінде мойындады. Тиханоская сайлаудағы өз жеңісін «анық» деген.
Литваға кеткеннен кейін Тихановская оппозициялық үкімет құрды. 2020 жылы ол Координация кеңесін, ал 2022 жылы Біріккен өтпелі кабинетті құрды. Демократиялық Беларусьтің өкілі ретінде ол бірқатар әлем көшбасшылармен кездесіп, Лукашенко үкіметіне қарсы санкциялар енгізу және оны мемлекеттің заңды басшысы ретінде мойындамау мәселелерін талқылады.
Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Тихановская Батыс елдерін Украинаға қолдауды күшейтуге шақырды. Сонымен қатар ол Ресейдің әрекеттері Беларусьтегі диктатураға қарсы күресті көлеңкеде қалдырмауы керектігін ескертті. 2023 жылы Беларусь үкіметі оны сырттай соттап, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Ескертпелер
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Тихановскаяның ресми сайты 2020 жылғы сайлау жайлы Тихановскаяның Настоящее Времяға сұхбаты (2020-09-15)
Санат:Саясаттағы Беларусь әйелдері Санат:Беларусь саясаткерлері