Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының V съезі, РСДЖП-ның Лондон съезіСъез шешімімен оның ресми атауы «РСДЖП-ның Лондон съезі» деп бекітілді. Оны бесінші съез деп тек большевиктер атады. Ал басқа фракциялар съездерді өзгеше ретпен нөмірледі, өйткені олар 1905 жылы мамырда Лондонда өткен большевиктер съезін «РСДЖП съезі» деп мойындамады. деген атпен де белгілі, 1907 жылдың 30 сәуірінен (13 мамырынан) 19 мамырына (1 маусымына) дейін Лондонда өтті. Съезге бес фракция қатысты: меньшевиктер, большевиктер, Бунд, Польша Патшалығы мен Литваның социал-демократиясы (ППмЛСД) және Латыш өлкесінің социал-демократиясы (ЛӨСД). Съезге 145 ұйымнан 343 делегат қатысты. Олардың 100-і РСДЖП-дан, 3-еуі Бундтан, 8-і Польша мен Литва социал-демократиясынан, 7-еуі Латыш өлкесінің социал-демократиясынан болды. Шешуші дауыс құқығы бар 302 делегат фракциялар бойынша шамамен былай бөлінді: 89 большевик, 88 меньшевик, Бундтың 54 өкілі, поляк социал-демократтарының 45 өкілі және латыш социал-демократтарының 26 өкілі.

Алғышарты thumb|left|250px|Бауырластық шіркеуі Бастапқыда съезді 1907 жылы сәуірде делегаттар келген Копенгаген қаласында өткізу жоспарланған еді. Алайда Дания үкіметі оған рұқсат бермеді. Съезді Швецияда немесе Норвегияда өткізу әрекеттері де нәтижесіз аяқталды. Ақырында оны Лондонға көшіруге тура келді.

Съез отырыстары Southgate Road көшесіндегі Бауырластық шіркеуінде өтті.

Съезді ұйымдастыруға шамамен 120 мың рубль жұмсалды. Ұйымдастырушылар делегаттардың жол шығынын өтеп, Лондонда болған күндері күнделікті қажетіне деп әрқайсысына 2 шиллингі беріп отырды. Съезді өткізуге Германия социал-демократиялық партиясының Орталық комитеті 300 фунт бөлді (ол кезде 1 фунт шамамен 10 рублге тең еді). Ал ағылшын өнеркәсіпшісі Джозеф Фелс 1700 фунт берді. Бұл қаржыны бөлуге Джордж Лэнсбери, Генри Брэйлсфорд және Ф. А. Ротштейн жәрдемдесті.

Съездің жұмысы Күн тәртібі Орталық комитеттің есебі; Мемлекеттік Думадағы фракцияның есебі және оның қызметін ұйымдастыру; Буржуазиялық партияларға көзқарас; Мемлекеттік Дума туралы; Жұмысшылар съезі және партияға мүше емес жұмысшылар ұйымдары; Кәсіподақтар мен партия; Партизандық қимылдар; Жұмыссыздық, экономикалық дағдарыс және локауттар; Ұйымдастыру мәселелері; Штутгарттағы халықаралық конгресс; Әскердегі жұмыс; Әртүрлі мәселелер; Сайлау.

Баяндамалар мен пікірталастар Съезді ашқан Г. В. Плехановтың сөзінен кейін бес адамнан тұратын төралқа сайланды (әр фракциядан бір өкілден), сондай-ақ мандат комиссиясы құрылды. Осыдан соң съез күн тәртібін әзірлеуге кірісті. Күн тәртібін талқылаудың өзі РСДЖП құрамында тек ресми түрде ғана біріккен большевиктер мен меньшевиктердің арасындағы терең қайшылықтарды ашып көрсетті. Бірнеше күнге созылған қызу отырыстарда күн тәртібі жөнінде тартыс жүріп, әр делегаттың аты-жөні бойынша дауыс беру сияқты рәсімдер өткізілді. Ақырында большевиктер өздері ұсынған жалпы саяси мәселелердің ішінен тек біреуін ғана күн тәртібіне енгізе алды. Ол — буржуазиялық партияларға көзқарас мәселесі еді. Бұл мәселе бойынша большевиктер съезде жеңіске жетті. Олар ұсынған қарар алдымен негізге алынып, кейін болмашы түзетулер енгізілген соң тұтастай қабылданды. Шын мәнінде, күн тәртібінің осы тармағында буржуазиялық-демократиялық революцияның даму жолдары және оның социалистік революцияға ұласу мүмкіндігі, пролетариаттың одақтастары мен оның жетекші рөлі сияқты аса маңызды мәселелер қамтылды. Сонымен қатар большевиктер Мемлекеттік Дума, жұмысшылар съезі, кәсіподақтар және партияның ұйымдық жарғысы жөніндегі қарарларды дауысқа салғанда да көпшілік қолдауына ие болды. Ал партизандық қимылдар туралы қарарды дауысқа салу кезінде меньшевиктер басым түсті.

Орталық комитеттің есебі бойынша меньшевиктер атынан Ю. О. Мартов, Бунд атынан Р. А. Абрамович, ал большевиктер атынан А. А. Богданов баяндама жасады.

Съездің басты мәселесі буржуазиялық партияларға көзқарас болды. Бұл мәселе бойынша төрт баяндамашы сөз сөйледі: большевиктер атынан — В. И. Ленин, меньшевиктер атынан — А. С. Мартынов, поляк социал-демократтары атынан — Р. Люксембург, Бунд атынан — Р. А. Абрамович.

Съезд жұмысы созылып кетіп, оны өткізуге бөлінген қаржы таусылғандықтан, Мемлекеттік Дума, кәсіподақтар мен партияның арақатынасы, партизандық қимылдар және ұйымдық мәселелер жалпы отырыстарда талқыланбады. Бұл мәселелер съезд комиссияларының қарауына берілді. Ал жұмыссыздық, экономикалық дағдарыс пен локауттар, сондай-ақ Штутгарттағы халықаралық конгресс туралы мәселелер талқылаудан алынып тасталды.

Қаулылар Талқыланған мәселелер бойынша тиісті қарарлар мен қаулылар қабылданды: Съез делегаттарының баспасөз өкілдерімен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы нұсқаулық; Реттеме; Орталық комитеттің есептеріне қатысты қаулы; Съездің күн тәртібі; Пролетариатқа жатпайтын партияларға көзқарас туралы; Жұмысшылар съезі және партияға мүше емес жұмысшылар ұйымдары туралы; Мемлекеттік Дума туралы; Думадағы фракцияның есебі туралы; Социал-демократиялық Дума фракциясының қызметіне байланысты ұлттық мәселе туралы; Халықтық демократия туралы; Думадағы фракцияның Орталық комитетпен қарым-қатынасы туралы; Партизандық қимылдар туралы; Кәсіптік одақтар туралы; Әскердегі жұмыс туралы; Армян социал-демократиялық жұмысшы ұйымымен бірігу туралы; Қарыз алу туралы; Ұйымдық жарғы.

Мүлікті күшпен тартып алу мәселесі Съез мүлікті күшпен тартып алуға (экспроприация)революционерлердің жаргон тілінде «экспроприация» немесе қысқаша «экс» деп тонау мақсатында жасалған қарулы шабуылдар аталған. тыйым салу туралы қарар қабылдады. Сондай-ақ барлық жауынгерлік жасақтар мен осындай тонау әрекеттерімен айналысатын топтарды тарату қажеттігі ерекше атап көрсетілді. Соған қарамастан, большевиктер кейбір жауынгерлік жасақтарын таратпай, съез шешімдерін айналып өтіп, мүлікті күшпен тартып алу әрекеттерін жалғастырды. Бұл жұмысты «Большевиктік орталықтың» мүшелері — Ленин, Красин және Богданов басқардыБольшевиктердің жауынгерлік жасақтары жасаған ең атышулы тонаулардың бірі — «Тифлистегі экспроприация» деп аталған оқиға — съезд аяқталғаннан бірнеше апта өткен соң болды.

Сайланған жетекшіліктің құрамы Дауыс беруге 293 делегат қатысты. Дауыс саны бойынша мына адамдар сайланды: thumb|right|390px|Съезге қатысушылар

ОК мүшесі А. С. Мартынов — 150 дауыс (меньшевик) Н. Н. Жордания — 150 дауыс (меньшевик) К. Х. Данишевский — 149 дауыс (ЛӨСД) И. Г. Исув — 148 дауыс (меньшевик) В. Д. Медем — 148 дауыс (меньшевик) Н. А. Рожков — 146 дауыс (большевик) И. Ф. Дубровинский — 146 дауыс (большевик) И. П. Гольденберг — 146 дауыс (большевик) А. Е. Варский — 145 дауыс (ППмЛСД) И. А. Теодорович — 144 дауыс (большевик) Ф. Э. Дзержинский — 144 дауыс (ППмЛСД) В. П. Ногин — 144 дауыс (большевик)

ОК мүшелігіне кандидат Г. Е. Зиновьев — 143 дауыс (большевик) А. А. Богданов (большевик) М. И. Бройдо (меньшевик) А. Бушевиц (ЛӨСД) П. А. Гарви (меньшевик) Б. И. Горев (меньшевик) К. М. Ермолаев (меньшевик) В. К. Иков (меньшевик) Л. Б. Красин (большевик) Г. Д. Лейтейзен (большевик) В. И. Ленин (большевик) А. М. Малецкий (ППмЛСД) Ю. О. Мартов (меньшевик) Ю. Ю. Мархлевский (ППмЛСД) Н. В. Рамишвили (меньшевик) А. И. Рыков (большевик) И. А. Саммер (большевик) А. П. Смирнов (большевик) В. К. Таратута (большевик) Ян Тышка (ППмЛСД) В. Л. Шанцер (большевик) К. Я. Шварц (ЛӨСД)

Cъез делегаттары Съезге қонақ ретінде сол кезде Ұлыбританияның Тәуелсіз жұмысшы партиясын басқарған Рамсей Макдональд қатысты.

Тағы қараңыз РСДЖП-ның V съезі делегаттарының тізімі РСДЖП-ның IV съезі РСДЖ(б)П-ның VI съезі

Әдебиет

Пятый (Лондонский) Съезд РСДРП / Манасов М. А. // Проба — Ременсы. — М. : Советская энциклопедия, 1975. — (Большая советская энциклопедия : [в 30 т.] / гл. ред. А. М. Прохоров ; 1969—1978, т. 21).

Сілтеме РСДЖП-ның V съезі делегаттары РСДЖП-ның V съезінің материалдары 1907 Russian Revolutionary congress at Southgate Road, Hackney, London /видео/

Дереккөздер

Санат:КОКП съездері Санат:РСДЖП