Тұрсынай Бейсембекқызы Байназарова — ғалым-ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент (2025), Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының корреспондент мүшесі.
Өмірбаяны, еңбек жолы 1961 жылы 11 шілдеде қазіргі Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылында туған.
Орта мектепті бітірген соң Панфилов педагогикалық училищесінен "Бастауыш сынып мұғалімі және аға пионер тәлімгер" мамандығын алып, 1983 жылы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына "Педагогика және психология (мектеп жасына дейінгі) мамандығына түсіп, оқу орнын 1987 жылы бітірген. 1987-1992 жылдары Алматы қаласындағы №224, 152, 139 балабақшаларда тәрбиеші, №339 балабақшада қазақ тілі мұғалімі, 1992-1993 жылдары Алматы қалалық біліктілікті арттыру және педагогикалық кадрларды қайта даярлау институтының Мектепке дейінгі білім беру және бастауыш білім кафедрасының оқытушысы, 2001-2012 жылдары аталған кафедраның аға оқытушысы, 2012 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар 2014 жылдан бастан оқу орнының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы болып еңбек етеді.
Ғылыми бағыты, еңбектері 2009 жылы "Бастауыш сынып оқушыларына пәнаралық кіріктіру арқылы эстетикалық тәрбие беру ("Бейнелеу өнері" мен "Дүниетану" материалдары негізінде)" тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 200-ден астам ғылыми-педагогикалық мақаланың, бірнеше оқу, оқу-әдістемелік құралдар мен монографияның авторы. Жарияланымдары Германия, Түркия сынды мемлекеттердің ғылыми басылымдарына шықты. Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес "Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу" мамандықтары бойынша типтік оқу бағдарламалары, "Бастауыш сынып оқушыларына пәнаралық байланыс арқылы эстетикалық тәрбие беру" атты монографиясы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған "Основы педиатрии гигиены детей дошкольного возраста", "Мектепке даярлық топтардағы бейнелеу іс-әрекетінің әдістемесі" және "Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерін оқытудың теориясы мен технологиясы" сынды оқу құралдары жарық көрді. Сонымен қатар 12 жылдық білім беруге арналған бастауыш сыныптардағы "Бейнелеу өнері" байқау оқулықтар бағдарламасы мен 1998-2014 жылдары аралығында Білім және ғылым министрлігінің ұсынуымен 12-ден астам оқулық пен оқу-әдістемелік кешені шықты.
Марапаттары "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2017); Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің дамуына қосқан үлесі үшін "Құрмет белгісі" медалі (2014);Ұ 43 Ұлттың ұлағатты ұясы: Анықтамалық-танымдық жинақ. – Алматы: "Қыздар университеті" баспасы, 2020 жыл. – 458 бет. ISBN 978-601-346-029-1 "Білім беру жүйесіндегі үздік оқытушы" (2018); Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы (2023); Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі (2024); "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі (2025).Тұрсынай Бейсембекқызы Байназарова.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Байназарова Турсынай Бейсембековна.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Педагогика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті түлектері Санат:Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті оқытушылары