«Өзіңмен бірге ала алмайсың» () — режиссер Фрэнк Капра түсірген, басты рөлдерді Джин Артур, Лайонел Барримор, Джеймс Стюарт және Эдвард Арнольд сомдаған 1938 жылғы америкалық эксцентрикалық романтикалық комедия жанрындағы фильм. Туынды Джордж С. Кауфман мен Мосс Харттың Пулитцер сыйлығын алған аттас пьесасы (1936) желісімен Роберт Рискин тарапынан бейімделіп түсірілген. Фильм бай әрі тәкаппар отбасынан шыққан жігіттің көңілді, бірақ өзгешелеу отбасынан шыққан қызға ғашық болуы туралы баяндайды.

Бұл туынды көрермендер мен сыншылар тарапынан үлкен оң баға алып, коммерциялық тұрғыдан да зор табысқа жетті.

11-ші «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімінде фильм екі марапатқа ие болды: «Үздік фильм» және «Үздік режиссёр» номинациясы бойынша Фрэнк Капра марапатталды. Бұл — Капраның бес жыл ішінде «Бір түнде болған оқиға» (1934) және «Мистер Дидс қалаға келеді» (1936) фильмдерінен кейінгі «Үздік режиссер» номинациясы бойынша алған үшінші «Оскары» еді.

Дереккөздер

Санат:1938 жылғы АҚШ фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Фрэнк Капра фильмдері Санат:АҚШ кинокомедиялары Санат:АҚШ мелодрама фильмдері Санат:Үздік фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (фильмдер) Санат:Columbia Pictures фильмдері