Жоғарғы Үбі — Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданындағы ауыл, Жоғарғы Үбі ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шемонаиха қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 шақырым жерде, Үбі өзенінің сол жағалауындағы бұта аралас балқарағай, самырсын өскен орманды алқапта орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен31742315 1761 76,1 1142 888 77,8 1173 873 74,4

Тарихы Іргесі 1976 жылы Жданов атындағы ауданы мал бордақылау бірлестігі ретінде қаланған. Оның негізінде 1996 жылы 2 шаруа қожалығы құрылған.

Инфрақұрылымы Орта және орталау мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, аурухана бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шемонаиха ауданы елді мекендері