Темірболат Тайырұлы Ахметов (7 ақпан 1947 жыл, Көкшетау қаласы) — жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (2001). ҰҚК-нің запастағы подполковнигі (1997). 1971 жылы Қарағанды Мемлекеттік медицина институтын бітірген соң Ш. Уәлиханов ауданының санэпидстанциясы бас дәрігерінің орынбасары болып қызмет атқарды. 1976-1997 жж. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитет органдарында қызмет істеп, подполковник шенінде запасқа шықты. 1997 жылдың мамырынан «Барыс» күзет-детективтік агенттігін басқарды.

Қарағанды медициналық институтын бітірген (1971). Бұрынғы Көкшетау облысы Уәлиханов ауданының бас санитарлық дәрігері (1971 — 1976) Көкшетау облысы СЭС-нда зертхана меңгерушісі. Қазақстан ҰҚК-нде қызметкер (1976 — 97). Қазіргі уақытта «Барыс» детективті агенттігінің басшысы.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Шығармалары Повесттері «Алтын самауыр» «Үнсіздік анатомиясы» «Барыс агенттігі» «Кобраның күлкісі» «Бағдарламада Сенсация» Пьесалары «Дертім менің, жұлдызым менің, Сәкен» «Шәкәрім» Әңгімелері «Ұзатып салу» «Ер ұрыста қаза табуға тиіс» «Инфаркт» «Аштық» «Ақынның соңғы күні» Аудармалары Жазушы Қ.Исабаевтың бірқатар туындыларын орыс тіліне аударды. Детективтік хикаялары «Шахиняның құпиясы» «Сатуға арналған брилианттар» «Томирис патшайымның диадемасы» «Көк күмбездердің панасында» «Мамандықтың кесірлері» «КГБ өмірінен кейбір болжамдар» Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:7 ақпанда туғандар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Көкшетауда туғандар Санат:Қазақстан әскерилері Санат:Қазақстан жазушылары