Ащысай (төменгі және жоғарғы ағысында - Шейка өзені) - Ақмола облысы Шортанды ауданындағы өзен. Қалқұтан өзенінің сол саласы.

Бастауы Бастауын Шортанды ауданының батысындағы Ақбейіт кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 10 км жерден алады. Орта ағысында Новоромановка ауылының шығысындағы Балықтыкөлге құйып, одан ағып шығып 3 км жерде Егінді кентін кесіп өтіп, 6 км жердегі Қалқұтан өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 48 км. Ащысайға жалпы ұзындығы - 25 км-ді құрайтын 11 кіші-гірім салалар құяды. Қар, жер асты суларымен толысады. Суы жайылымдарды суаруға, шаруашылыққа пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Есіл су алабы Санат:Шортанды ауданы өзендері