Әділхан Әсет Малғаждарұлы (1952 ж. т., Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданы, Ойшылық а.) — прокурор, 3-санатты мемл. әділет кеңесшісі.
Өмірбаяны ҚазМУ-ді (ҚазҰУ-ді) бітірген (1977). Алматы облысы Іле ауданы прокуратурасында машықтанушысы, қызметкер (1977 — 92). Ақтау қ-ның прокуроры (1992 — 94), Маңғыстау облысы прокурорының 1- орынбасары (1995 — 97). Шығ. Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының прокуроры (1997 — 2006) қызметтерін атқарды. Қазір ҚР Бас прокуратурасының арнайы прокурорлары департаментінің бастығы.
Марапаттары Қазақстан Республикасының медальдарымен марапатталған.
Санат:Қазақстан прокурорлары