Төлеутай Несіпбаев (10.5.1938, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ақтоғай ауылы - 19.02.2020, Алматы) – биология ғылымдарының докторы (1990), профессор (1992), Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері (1979).

Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (1961, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1961 жылдан осы оқу орнының физиология кафедрасында ассистент (1961–1972) доцент (1972–1991) профессор (1991) болды. 1992 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Ғылыми еңбектер Негізгі ғылыми жұмысы малдың ас қорыту физиологиясының ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Несіпбаев бұзаулардың мес қарнында қанттың, май қышқылдарының мөлшері мен инфузория санының олардың жасына қарай өзгеріп отыратынын; қойлардың мес қарны мен бүйеніндегі ас қорыту процестерінің физиологиялық параметрін анықтады. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім

«Процессы пищеварения в рубце и слепой кишке у тонкорунных и кроссбредных овец в зависимости от характера» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Қойларды азықтандырудың физиологиялық негіздері, А., 1980; Жануарлар физиологиясы, 1 – 2 т., А., 1995 – 96; Физиология терминдерінің орысша-қазақша түсіндерме сөздігі, А., 2004.

Марапаттар «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған."Қазақ энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:10 мамырда туғандар Санат:1938 жылы туғандар Санат:Сарысу ауданында туғандар Санат:19 ақпанда қайтыс болғандар Санат:2020 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан биологтары Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ КСР жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкерлері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері