Қотыркөл, Қатаркөл – Щучинск қаласынан 22 км жерде, Ақмола облысы Бурабай ауданы жерінде орналасқан көл.
Гидрографикасы Аумағы 4,7 км2. Теңіз деңгейінен 439,9 м биіктікте. Ұзындығы 3,4 км, ені 1,65 км, жағалауы 9,8 км. Көлге 19,0 млн. м3 су жиналады. Ең терең жері 7,7 м. Су жиналатын аумағы 29,9 км2. Суы тұщы, 7,06 – 7,91 мг/л. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады.
Жер бедері Көл беті ашық, тек солтүстік-батыс жағалауында қамыс-құрақ өскен. Түбі құмды, қиыршықтасты, тек орта шені мен батыс жағы батпақты. Көл жағасында, Қатаркөл ауылында демалыс үйлері орналасқан. Соңғы жылдары су деңгейі 1957 жылмен салыстырғанда 2 – 2,5 м төмен түскен.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Бурабай ауданы көлдері