Көгершін — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, Көгершін ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Құлан ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км жерде, жусан, баялыш, т.б. шөптесін өскен тауалдының қоңыр, ақшыл қоңыр топырақты шөлейтті белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен3238 3482 107,5 1601 1779 111,1 1637 1703 104
Тарихы Іргесі 1935 жылы Луговой асыл тұқымды жылқы зауыты ретінде қаланған. Оның негізінде Көгершінде және округке қарасты ауылдарда 1997 жылдан 2 өндірістік кооператив, 96 шаруа қожалықтары, 2 жауапкершілігі шектелген серіктестік жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Ауылдарда 4 орта, 1 орталау, 3 бастауыш мектеп, 3 кітапхана, 1 клуб, отбасылық дәрігерлік амбулатория мен 2 фельдшерлік пункт бар.
Дереккөздер
Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы елді мекендері