Көктал — Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауыл, Көктал ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан батысқа қарай 5 км-дей жерде, Талас өзенінің тармақтары жағалауында, бұта аралас жусан, баялыш, күйреуік басым өскен шалғынды боз топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен18782520 3495 138,7 1236 1755 142 1284 1740 135,5

Тарихы Көктал ауылы - 1932 жылы кішігірім 7 ауылдан құралып, бір колхоз болып ұйымдасқан. 7 ауыл тек нөмірмен белгіленген. 1935 жылдан бастап "Политотдел" колхозы деп аталған. Политотдел өз алдына ауылдық Кеңес болып 1980 жылы құрылды. 2002 жылдан Көктал ауылдық әкімшілігі болып қайта өзгерді. 1994 жылы ауыл ақсақалдарының және тұрғындарының ұсынысымен "Политотдел" ауылы "Көктал" деген атаумен өзгертілді. Себебі, алғашқы колхоздастыру кезеңінде ауылды қоршай жасыл желек егілген, ол көп кешікпей ну орманға айналған. Сондықтан, сырттан келгендер сол қалың талдарына орай "Көктал ауылына бара жатырмыз" дейді екен. Еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссиясының 06.02.1997 жылғы ұйғарымымен аталмыш ауыл тарихи атауын қайта алды. Ауыл кеңес өкіметі кезінде Жамбыл жұмыртқа-құс фабрикасының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан Көкталда серіктестік және 14 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.

Ауылдың шығыс жағында Талас өзенінен тартылған "Жұмабай" каналы, батыс жағында Мәдімар болыстың атасы Белқожа бидің каналы жатыр. Оның жанында Белқожа каналынан тартылып қолдан жасалған "Бөгет" тоғаны бар. Ауылдың солтүстік бетінде Қазақстан Республикасы мәдени ескерткіштерді қорғау қорына енгізілген "Төрткүл" қорғаны орналасқан. Биік төбенің басына орналасқан, жауға тойтарыс беруге арналған қорғанның құлаған тұстары сақталған.Жамбыл облысының топономикалық атаулары

Дереккөздер

Санат:Байзақ ауданы елді мекендері