Рүстембек Бейсенұлы Омаров (7 қыркүйек 1919, Павлодар облысы Лебяжье ауданы Шарбақты ауылы – 6 маусым 1988, Алматы) – күйші, домбырашы.Қазақ энциклопедиясы, 7 том Өмірбаяны Қазақстанның халық әртісі (1976). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Омаров домбыра тартуды әкесінен үйренген. 1934 жылы А.Жұбановтың жетекшілігімен құрылған халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейін домбыра тобының концертмейстері және жеке домбырашы қызметін атқарды. 1937 – 39 жылы қазіргі Санкт-Петербург қаласындағы музыкалық училищеде, 1946 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясында оқыды. Бұдан кейінгі шығармашылық қызметін ұстаз ретінде консерваторияда, домбырашы ретінде Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінде қатар жүргізді. Ә.Есқалиев, І.Ахмедияров сынды көптеген күйші-домбырашыларды тәрбиеледі. Омаров қазақ халқының күй мұрасын, әсіресе, Құрманғазы күйлерін, оның орындаушылық дәстүрін жетік меңгерді.
Сілтемелер Күй Домбыра Консерватория Дереккөздер
Санат:Күйшілер