right|thumb Айша Көпжасарова (24.9. 1941 жылы туған, Тараз) – ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
Өмірбаяны 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Облыстық «Еңбек Туы» (Қазіргі «Ақ жол») газетінде еңбек жолын бастады. 20 жыл қатарынан мектепте ұстаздық етті. 1980 – 1999 жылы Жамбыл облыстық қазақ драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі болды.
Шығармалары Алғашқы өлеңдері 1978 жылы «Шұғыла» топтамасында шықты. 1980 жылы «Жаз келді» атты тұңғыш кітабы 1982 жылы «Бақытым менің» 1986 жылы «Соны соқпақтар» атты жыр кітаптары жарық көрді. 1999 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан облыс ақын-жазушыларының «Өлеңдер мен әңгімелер» жинағына бір топ жырлары енді. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған «Тал бесігім – Таразым» атты таңдамалы жыр жинағы 2001 жылы жарық көрді. Ақын жырлары сыршыл нәзіктігімен тартымды.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6Тараз Энциклопедиясы
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Көпжасарова Айша
Санат:24 қыркүйекте туғандар Санат:1941 жылы туғандар Санат:Таразда туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері