Вячеслав Афанасьевич Киктенко (2.2.1907, Өзбекстан, Самарқанд қаласы – 12.10.1977, Алматы қаласы) – инженер-гидроэнергетик, техника ғылымдарының докторы (1969).

1931 - Орта Азия су шаруашылығы инженерлері институтын бітірген. 1942 жылға дейін Қазақ КСР-і Су шаруашылығы халық комиссариаты жүйесінде инженер, жобалау мекемелерін басқарды. 1945-1977 - Қазақ энергетикалық ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі қызметін атқарған. 1966 жылы «Расчеты многолетнего регулирования стока методом интегральных уравнений» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері өзен ағысын реттеу мәселесіне және Қазақстанның қуаң аймақтарын сумен қамтамасыз ету проблемасына арналған. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:2 ақпанда туғандар Санат:1907 жылы туғандар Санат:Самарқанда туғандар Санат:12 қазанда қайтыс болғандар Санат:1977 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Орта Азия су шаруашылығы инженерлері институты түлектері Санат:Қазақ энергетикалық ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері Санат:Қазақстан гидроэнергетиктері