thumb| alt=A.| Ким.Василий Анатольевич Ким (1950 жылы туған) – техника ғылымының докторы (2000).

1973 - Теміртаудағы ВТУЗ-ды бітірген соң осындағы шахта металлургиялық үдерістер лабораториясының аспиранты, 1978-1987 - кіші ғылыми қызметкері, 1987 жылы аглодомендік үдерістер физика-химиясы лабораториясының меңгерушісі болды. 2001 жылдан Химия-металлургия институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1999 жылы «Развитие научных основ и разработка способов совершенствования процесса доменной плавки фосфористого чугуна» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ким 180-нен астам ғылыми жарияланымның, 4 монографияның авторы.

ҚР Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (2003).Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1950 жылы туғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері