Теке – Сарықопа алабындағы өзен.
Географиялық орны Қостанай облысы Науырзым және Амангелді аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 109 км, су жиналатын алабы 2430 км2.
Бастауы Қарғалытаудың беткейіндегі бұлақтардан басталып, Сарықопа көліне құяды.
Гидрологиясы Аңғары кең, төменгі ағысында 3 – 3,5 км-ге жетеді. Жағасы тік жарлы (3 – 8 м). Қар суымен толығады. Сәуір – мамыр айларында суы мол болады. Орташа жылдық су ағымы 2,06 м3/с, суы тұщы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Дереккөздер
Санат:Амангелді ауданы өзендері Санат:Науырзым ауданы өзендері