Ақ терек () – талдар тұқымдасы терек туысына жататын ағаш.
Ботаникалық сипаты Биіктігі 20-25 м, жуандылығы 2 м-дей. Діңі мен ірі бұтақтарының қабығы көкшіл сұрғылт болады. Бүршіктерінің, жаңа шыққан жапырақтарының бетін ақшыл түк басып тұрады. Ақ терек - желмен тозанданатын қос үйлі өсімдік. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында гүлдейді. Ұсақ түкті тұқымы желмен таралады. Жемісі құты тәрізді.
Өсетін жері мен таралуы Қазақстанның Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарындағы өзен бойларында, шалғындық жерлерде кездеседі.
Шаруашылықтағы қолданысы Ақ терек елді мекендерді көгалдандыру, өзен-көл жағалауларын бекіту үшін өсіріледі. Ақ теректің сүрегі құрылысқа және әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланылады. Ақ терек 15 жылдан кейін 1 га-нан 200 м3 сүрек береді.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3 Ақ теректің сүрегі құрылысқа және әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланылады.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедиясы, V- том
Дереккөздер
Санат:Талдар тұқымдасы Санат:Қазақстан флорасы