Қазанбасы — Қостанай облысы Әулиекөл ауданы, Қазанбасы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Әулиекөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 36 км-дей жерде, қарағайлы-қайыңды әсем орманның оңтүстік жиегінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 806 адам (392 ер адам және 414 әйел адам) болса, 2009 жылы 796 адамды (377 ер адам және 419 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1939-40 жылдары Ақмола (қазіргі Астана) - Қарталы (Ресей) темір жолын салуға байланысты қаланған.
Қазанбасыда темір жол бекеті, жүк түсіріп-артатын орын, мұнай базасы, астық қоймасы, ағаш өңдеу цехы, мектеп-интернат, клуб, фельдшер-акушерлік пункт бар.
Дереккөздер
Санат:Әулиекөл ауданы елді мекендері