Егеуқұйрық бүргесі (Xenopsylla cheopis) — кеміргіштердің денесінен қанын сорып тіршілік ететін бүргенің бір түрі. Мұның ішек-қарнында чума бактериялары тіршілік етеді және көбейеді. Осы бактериялар бүргенің саңғырығымен араласа сыртқа шығып, адамға тарайды; бүрге шаққан жерді қасыған кезде бактериялар қанға кіріп, сонымен чума ауруы шығады. Сондықтан бұл бүрге өте қауіпті мақұлықтардын бірі. Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев thumb|left Дереккөздер
Санат:Бүргелер