Әуелбек — Павлодар облысы Ақтоғай ауданы, Қараоба ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2019 жылға дейін таратылған "Әуелбек ауылдық округі" орталығы болған.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км-дей жерде, селеу шөп өскен сортаң қара топырақты дала белдемінде орналасқан. Ең жақын темір жол бекеті – Қалқаман (60 км).

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1189800 575 71,9 373 287 76,9 427 288 67,4

Әуелбекте бұрынғы кеңшар негізінде ұйымдастырылған Б. Рамазанов атындағы тәжірибе шаруашылығы жұмыс істейді. Ауылда мектеп, емхана, клуб, сауда орны бар. Тұрғындары облыс орталығымен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) елді мекендері