Семестр (латынша semestrіs — алты айлық) — жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы оқу жылының жартысы.
Семестр әрбір оқу орнының оқыту мерзіміне орай белгіленеді. Мәселен, медициналық жоғары оқу орнында оқу мерзімі 6 жыл болса, ол 12 семестрге бөлінеді. Студенттер мен оқушылардың жарты жылдық білімдері семестр біткенде емтихан мен сынақ арқылы қорытындыланады.
Санат:Білім Санат:Уақыт өлшеу