Шалқар құмы – Нарын құмының орталық бөлігіндегі құмды алқап.
Географиялық орны Батыс Қазақстан (Жаңақала ауданы) және Атырау (Құрманғазы ауданы) облыстары жерінде орналасқан.
Жер бедері Солтүстігінде Теректіқұм, Жаманқұм, оңтүстігінде (Құрманғазы ауданында) Қосдәулет құмды өңірі жатыр. Жер бедері ұялы-төбелі шағылдардан тұрады. Орта шенінде Ибраш, Шалқар, тағы басқа қоныстар мен қыстаулар орналасқан. Құмды шағылдар аралығында грунт суы жер бетіне жақын жатыр (5 — 8 м). Бұл жерлер шұратты келеді.
Өсімдігі Негізінен жусан, еркекшөп, сораң шөптер өседі. Жыл бойы жайылым ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
Дереккөздер
Санат:Атырау облысы құмдары Санат:Батыс Қазақстан облысы құмдары