Ижевское — Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл, Ижевск ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Аршалы кентінен солтүстікке қарай 7 км жерде, Вячеслав бөгенінің сол жағасында орналасқан.
Тарихы Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты қаланып, “Ижевский” құс өсіру кеңшарының орталығы болып келді. Ижевскоеде асыл тұқымды құс өсіретін репродуктор орналасқан.
Инфрақұрылымы Мектепке дейінгі балалар мекемесі, орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, сауда орталығы, фельдшерлік пункт, тұрмыстық қызмет көрсету комб., стадион бар. Ижевское арқылы Астана – Қарағанды темір жол мен автомобиль жолы өтеді.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен21751912 1643 85,9 919 798 86,8 993 845 85,1
Дереккөздер
Санат:Аршалы ауданы елді мекендері