«Kүмic алқа» — көп балалы аналарға арналған сыйақы. Қазақстан Республикасының Президентінің 1996 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енген жарлығымен бекітілген. Алқамен 6 балалы аналарды, бірақ алтыншы баласы бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған ретте марапатталады. Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау кезінде қылмысқа қарсы күресте немесе өзге қызметтік міндеттерін өтеу кезінде қаза болған немесе хабарсыз кеткен балалар ескеріледі. Дөңгелек пішінді алқаның жиектері өрнекпен көмкеріліп, ортасында алақанда аяланған сәби бейнесі және шуақты күн бейнесі бедерленген. thumb|right|180px|«Kүмic алқа»

Онымен алты және одан да көп бала туып тәрбиелеп өсірген аналар марапатталады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том

Тағы қараңыз Қазақстанның мемлекеттік марапаттары

Дереккөздер

Сілтемелер http://primeminister.government.kz/blogs/abdykalikova_g/questions/33673?lang=kk http://arshaly.akmol.kz/a/41/on/read/693/index.html http://www.enbek.gov.kz/node/234381

Санат:Күміс бұйымдар Санат:Қазақстан ордендері Санат:Әйелдер марапаттары