Көкалат — Қостанай облысы Жангелді ауданындағы ауыл, Албарбөгет ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Торғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 64 км-дей жерде, Торғай өзенінің Қабырға атты тармағының сол жағасында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 679 адам (346 ер адам және 333 әйел адам) болса, 2009 жылы 540 адамды (272 ер адам және 268 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Iргесі 20 ғасырдың 20-жылдарындағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. Алғашында Албарбөгет ұжымшарының орталығы болып келді. 1960 жылы Торғай даласында тың жерлерді игеру кезінде “Еңбек” қой кеңшарының орталығына айналды. 1997 жылы оның негізінде ұжымдық шаруашылық құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9.
Дереккөздер
Санат:Жангелді ауданы елді мекендері