Ұзақ Бағаев (, Алматы облысы Райымбек ауданы — , Алматы) — белгілі журналист, Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері.

Өмірбаяны 1952 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген.

Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.Алмабеков Т. Албан ата энциклопедиялық шежіре. // – Алматы, 2003. – 1352 б. – ISBN 9965-00-838-8.

Қызмет жолы 1952–1962 жж. — «Социалистік Қазақстан» (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. Одан кейінгі жылдары Қызылорда және Талдықорған облыстық газеттерінің редакторы болды. 1969–1973 жж. — «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы болып еңбек етті. Қазақстан Журналистер одағының төрағасы міндетін атқарып, республикада кәсіби журналист кадрларын даярлау ісіне елеулі үлес қосты.

Шығармашылығы Оның қаламынан туған маңызды еңбектер мен жинақтар: «Халық бастамасы — қайнар бұлақ» (1961); «Дала жұлдыздары» (1970); «Жан сұлулығы» (1975).

Марапаттары Еңбек Қызыл Ту ордені; Құрмет Белгісі ордені; КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1973); Бірнеше мемлекеттік медальдар.

Естелік Алматы облысы Райымбек ауданының Алғабас ауылында Ұзақ Бағаев атындағы орта мектеп, көше және мұражай-үйі бар.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том Қазақстанның үздік журналистеріне арналған Ұ. Бағаев атындағы арнайы сыйлық тағайындалған.«СЫР ЕЛІ. Энциклопедия» / Бас ред. Б.С. Каримова. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан журналистері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері