Анатолий Константинович Котов (15.7.1955 жылы туған, Мәскеу қаласы) – заң ғылымының докторы (1994), профессор (1999). ҚазМУ-ды (1977, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң Қазақ КСР-і Заң министрлігінде аға кеңесші, Ішкі істер бөлімінде, Қазақстан ҒА-ның Мемлекет және заң институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1988–1994), Қазақ мемлекеттік заң институтында ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры (1994–1995) болды. 1996 жылдан ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып жұмыс істейді. «Государственный суверенитет Республики Казахстан: политико-правовый анализ становления и проблемы национально-государственного развития» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Котов 90-нан астам ғылыми жарияланымның авторы. ҚР Парламентінің сенаторы (1995) болды.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер