Бұланбай бауы — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Қарғалы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Шиелі кентінен оңтүстікке қарай 45 км жерде Қызылқұм құмының қиыр солтүстігінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1309 адам (663 ер адам және 646 әйел адам) болса, 2009 жылы 1342 адамды (677 ер адам және 665 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы

Тарихы Ауыл 1997 жылға дейін "Қарғалы" деп аталған. 1973-1996 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Қарғалы» кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде Бұланбай бауында төрт шаруа қожалығы жұмыс істеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Шиелі ауданы елді мекендері