Райымбек матен (1.1. 1912 ж. т., Ақмола облысы Атбасар ауданы) — шахта құрылысы саласында қазақтан шыққан алғашқы инженер, тех. ғыл. канд. (1971). “Шахтерская слава” (“Кенші даңқы”) белгісінің барлық 3 дәрежесінің иегері. 1940 — 41 ж. 31-телімнің бастығы, кейіннен шахтаның бас инженерінің көмекшісі, 1945 — 47 ж. “Ленгеркөмір” тресіндегі 2-шахтаның бастығы, трест басқармасының орынбасары. 1947 — 70 ж. Қарағанды қ-ның көмір өнеркәсібі саласында басшы қызметтерде, 1970 — 89 ж. көмір өнеркәсібі ғыл.-зерттеу ин-ты директорының орынбасары, лаб. меңгерушісі болды. Р-тің басшылығы кезінде комб. көмір өндіруден 3 мәрте дүниежүз. рекорд жасады. Р. — Қарағанды қ-ның Құрметті азаматы. Қазақстанның Құрмет кітабына енгізілген. Қызыл жұлдыз, екі мәрте “Даңқ”, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.Қазақша энциклопедия 7 том.

Дереккөздер

Схема проведения и способ поддержания вентиляционных штреков при разработке двух сближенных пластов, М., 1969; Закладка выработанного пространства в шахтах Карагандинского бассейна, М., 1973.

Санат:Терминология